Алматы тұрғыны Ерман Байменов тауда адасып кеткен. Үш күннен кейін ғана табылған ер адам көп ұзамай көз жұмды. Байменовтың соңғы жазған SMS-хабарламалары анықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. «Алматы» телеарнасына сілтеме жасап.
Еске салайық, 12 желтоқсанда таңертең Ерман Іле Алатауындағы Титов шыңын бағындыру үшін жеке серуенге шыққан болатын. Қараңғы түскенше таудан түсуге үлгермей, ер адам адасып, сүйіктісінен жедел құтқару қызметіне қоңырау шалуын өтінеді.
«Ол «112-ге қоңырау шалшы, мен Титова көлінің астында, шыршалардың арасындамын» деп жазды. Одан кейін «Олар келе жатыр, барлығы бақылауда. Айқайлап мені шақырып жатыр» деген хабарлама жіберді. Сағат 23.30-да ол көлдің ар жағынан табылды», — Байменова Анар Лебаева.
Бірақ таңғы сағат төртте ер адамнан қорқынышты дыбыстық хабарлама келді. «Олар мен жаққа келгілері келмейді, жақын жерде жүр. Таудың арғы бетінде. Олар фонарьмен жарықтарын түсіріп жатыр. Таңды күтетін сияқты», — деп Ерман хабарлама жәберді.
Құтқарушылар оны көрген көрінеді, бірақ белгілі бір себептермен іздеуді тоқтатқан. Ол қызына қай жерде екенін жіберіп үлгерген. Артынша оның телефоны өшіп қалды.
Қалалық құтқару қызметі іздеу тоқтатылды деген ақпаратты жоққа шығарады.
«Іздеу жұмыстары қолайсыз метеорологиялық жағдайлардың болуымен, сондай-ақ таулы жердің, жартастардың табиғатының ерекшелігімен қиындады», — деді ҚР ТЖМ бастығының орынбасары Тимур Габдышев.
Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин де іздеу жұмыстары күндіз-түні жүріп жатыр деп сендірді. Ол Байменов өзі жіберген геолокациядан бір шақырымдай жерде табылғанын атап өтті. Ер адамды тапқан кезде оның жағдайы ауыр еді. Туристті таудан түсіру үшін тағы бірнеше сағат қажет болды.
«Оның дауыс шығарып, көмекке шақырғаны, құтқарушылардың естіп-естімегені туралы нақты ақпараттар жоқ. Екі күндік жедел-іздестіру шаралары барысында олар бірнеше рет тікұшақпен іздеуге тырыстық. Алайда ауа райының қолайсыздығынан тікұшақты көтеру мүмкін болмады», — деді Ильин.
Еске салайық, 35 жастағы Ерман Байменовті екі күндік іздестіру жұмыстарынан кейін құтқарушылар Құмбелсу өзенінен тауып алған. Ер адамның жағдайы ауыр болған. Түсіру кезінде турист қайтыс болды. Оның өліміне қатысты тың деректер жарияланды.