12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Алматылық клиникалар 7,5 млрд теңгеге консультативтік-диагностикалық қызмет көрсетті

Өткен 11 айда алматылық клиникалар халыққа 7,5 млрд теңгеге КТ/МРТ сынды консультативтік-диагностикалық көмек түрлерін көрсетті. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы филиалы директоры Тілеухан Әбілдаев хабарлады.

Айтуынша, МСҚ Алматы тұрғындарына сақтандыру пакеті шеңберінде көрсетілген қызметтерге 43,6 млрд теңге төледі. Халыққа көрсетілген қызмет ақысы оның сапасы мен көлемі толық тексерілгеннен кейін аударылады. Шын мәнінде көрсетілген, емдеуге қойылатын талаптар мен хаттама тәртібі сақталған қызметтер үшін ғана ақы төленеді.

«Мәселен, МӘМС іске қосылғалы бері бұрын азаматтар қалтасынан төлеп келген бағасы қымбат қызметтер қолжетімді бола бастады. Өткен 11 айда сақтандыру пакеті шеңберінде көрсетілген КТ/МРТ, ПТР сынды т.б. қызметтер саны 2019 жылмен салыстырғанда 3 есе артты. 11 айда Алматы қаласы бойынша көрсетілген консультативтік-диагностикалық қызметтерге 7,5 млрд теңгеден астам қаржы төленді», — деді филиал басшысы.

Шығынның басым бөлігі – 23 млрд теңгеден астамы стационарлық медициналық көмекке тиесілі. Тағы 6,8 млрд теңге жоғары технологиялардың көмегімен жасалатын медициналық қызметтерге, 2,6 млрд теңге стационарды алмастыратын көмекке, 305,7 млн теңге профилактикалық тексерулерге жұмсалған.

«Сонымен қатар, биыл реабилитациялыұқ қызмет түрлерін көрсететін клиникалар саны былтырғы 4-еуден 69-ға жетті. Яғни, МӘМС жүйесі бұрын жекелеген санаттарға ғана тегін көрсетіліп, көбіне азаматтардың қалтасынан төленіп келген медициналық қызметтерді қолжетімді етті», — деп қорытты Тілеухан Әбілдаев.

 

МСҚ Алматы филиалының баспасөз қызметі

Итоги работы Кассационного суда по гражданским делам

С 1 июля 2025 года в Казахстане начал работу...

Игры без правил

К НОВОМУ ГОДУ МЫ ПРИВЫЧНО ЖДЕМ ЧУДА, ПРИЯТНЫХ ПОДАРКОВ....

Регион высоких стандартов

КОСТАНАЙСКАЯ ОБЛАСТЬ СТАЛА ГЛАВНЫМ ИНДУСТРИАЛЬНЫМ ДРАЙВЕРОМ СТРАНЫ, ОБЕСПЕЧИВАЯ ЧЕТВЕРТЬ...

Без рисков и угроз

Впереди – самый яркий и волшебный праздник с фейерверками,...

Справедливые суды – основа правового государства 

ЗА ПОСЛЕДНИЕ ГОДЫ СУДЕБНАЯ СИСТЕМА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН ЗАМЕТНО ПРЕОБРАЗИЛАСЬ,...