Ақмола облысының Сандықтау аудандық сотында Х.азаматшаның өтініші бойынша міндетті зейнетақы жарналарын аударудың заңды фактісін анықтау туралы азаматтық іс қаралды.
Сотпен азаматша Х.1985 жылдан 1998 жылға дейінгі кезеңде Ақмола облысы Сандықтау ауданының «К.» астық совхозында бухгалтер ретінде, содан кейін 1999 жылдан 2013 жылға дейін «К.» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде жұмыс істегені анықталды, бұл еңбек кітапшасындағы жазбалармен және мұрағаттық анықтамалармен расталады. Көрсетілген жұмыс кезеңдері үшін зейнетақы жарналарын ай сайын аударудың заңды фактісін анықтау өтініш берушіге базалық зейнетақыны қайта есептеу үшін қажет, кәсіпорынды таратуға, сондай-ақ осы фактіні өзге, соттан тыс тәртіппен растау мүмкіндігінің болмауына байланысты өтініш берушінің сотқа жүгінуден басқа мүмкіндігі болған жоқ.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек,әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінің өкілі сот отырысында мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін ұсыну кезінде зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне міндетті зейнетақы жарналары жүзеге асырылған кезең есептелетінін түсіндірді.Өтініш берушіде зейнетақы жарналарын аудару жүйесіз жүргізілді, бұл базалық зейнетақыны қайта есептеуге кедергі келтіреді.
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 2-тармағына сәйкес мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін ұсыну кезінде зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне міндетті зейнетақы жарналары жүзеге асырылған кезең есептеледі.
Жоғарыда аталған Заңның 24-бабының 7-тармағында ұстап қалған (есебіне жазылған) міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары кірістер төленген айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірілмей Мемлекеттік корпорацияға аударылады.
«Міндетті зейнетақы жарналарын,міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы Қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1116 қаулысының 2, 3-тармақтарына сәйкес заңды тұлғалар өзінің орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша Мемлекеттік кіріс органдарында агенттер ретінде есепке алынуға жатады.
Агенттер жұмыскерлерге төленетін табыстардан ай сайын міндетті зейнетақы жарналарын есептейді және ұстап қалады және оларды БЖЗҚ-ға аударады.
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін бюджет қаражаты есебінен беру, сондай-ақ Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен бекітілген жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы
жәрдемақыларды тағайындау және жүзеге асыру қағидаларының 6-2-тармағына сәйкес. Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 13 наурыздағы № 122 бұйрығымен бекітілген міндетті жарналарды жүзеге асыру кезеңі міндетті зейнетақы жарналарын аудару туралы орталықтандырылған Дерекқордың мәліметтерімен расталады.
Міндетті зейнетақы жарналары толық немесе уақтылы аударылмаған жағдайларда міндетті зейнетақы жарналарын жүзеге асыру кезеңі Жұмыс берушінің (құқық мирасқорының) міндетті зейнетақы жарналарын аудару туралы анықтамасымен ; соттың міндетті зейнетақы жарналарын аудару кезеңін растайтын шешімімен (олардың болуына қарай) расталады.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы 3 наурыздағы №17 бұйрығымен бекітілген 2018 жылғы 1 шілдеге дейін тағайындалған мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшерін қайта есептеу қағидаларының 4,5,7-тармақтарына сәйкес мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін әрбір алушы үшін зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі айқындалады. Зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне: 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде жинақталған еңбек өтілі, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары жүзеге асырылған кезең есептеледі.
Сот өтініш беруші Х. ұсынған материалдардан 1999 жылғы сәуірден бастап 2008 жылды қоса алғандағы уақыт кезеңінде зейнетақы аударымдары ай сайын емес, бір жолғы бірнеше айға бір аударыммен жүргізілген заңды тұлғаның қызметкері болып табылатынын анықтады.
Х.табысынан міндетті зейнетақы жарналарын есептеу , ұстап қалу , сондай-ақ оларды аудару фактісі іс материалдарымен және жоғарыда көрсетілген кезең үшін өтініш берушінің табысынан ұсталған соманың есебіне сүйене отырып, 15 416 теңгеден асатын зейнетақы аударымдарының сомаларымен расталады.Зейнетақы аударымдарының жиынтық сомалары ай сайын есептелген жалақыға және тиісті ұстап қалуларға сәйкес келеді. Бұл ретте, өтініш берушінің сот тәртібімен қоспағанда, зейнетақы аударымдарының аударылғанын растауға мүмкіндігі жоқ.
Заңды фактіні анықтау өтініш берушіге жинақтаушы зейнетақы жүйесі бойынша зейнетақы тағайындау үшін еңбек өтілін есептеу үшін қажет.
Сот шешімімен Х. азаматшаның өтініші қанағаттандырылды.
Осылайша, 2019 жылы сот ұқсас 9 өтінішті, ал 2020 жылы аталған санаттағы 3 істі қарады.
Сандықтау аудандық соты төрағасының м. а.
Л.Д.Сексенбаева