12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Ұстазға құрмет — шәкіртке міндет!

Ұстаз деген ұлы есім. Ұлтты сауаттандырып, терең білім беріп, ғылымға баулып, «тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың хас жауы» дегендей біліммен қоса тәрбие беріп, әр шәкіртін тұлға ретінде қалыптастыру жолында тұтас ұлтты қалыптастыратын ұстаз мамандығы ардақты. Сондықтан «алты алаштың баласы бас қосқанда төр – мұғалімдікі» деген сөз бекер айтылмаған. Осы орайда ұстаздардың ұстазы, жасы жетпістен асса да бар ғұмырын ғылымға, шәкірт тәрбиелеуге арнап келе жатқан, көптеген ғылыми еңбектердің, монографиялардың, оқулықтардың авторы Гүлдархан Нұрғазықызы ұстаз мамандығының қасиеттілігін ұғындырып келе жатқан нағыз маман.
Барлық жиын онлайнға айналған тұста, 2-желтоқсанда  ZOOM платформасында филология және әлем тілдері факультетінің қазақ тіл білімі кафедрасы көрнекті ғалым, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология ғылымдарының докторы, профессор Смағұлова Гүлдархан Нұрғазықызының туғанына 70 жыл толуына арналған арнайы мерейтойлық конференция өткізді. Конференцияның тақырыбы: «ҚАЗІРГІ ТІЛ ҚАЗІРГІ КЕҢІСТІКТЕ: ТАНЫМ, МӘДЕНИЕТ, КОММУНИКАЦИЯ» деп аталады. Өйткені оның өмірі ғылымға, ғылым саласы өміріне айналған жан. Соның дәлелі конференция барысында Ресейден келген ғалым, Ресей Федерациясы Солтүстік-Шығыс халықтары тілдері мен мәдениеті институтының профессоры Светлана Митрофановна Прокопьевамен бірлесіп жазған полисемантикалық фразеологиялық бірліктердің якутша-орысша және қазақша-орысша сөздігінің таныстырылымы осы мерекелік конференцияда өтті.
Гүлдархан Нұрғазықызын құттықтауға көрнекті филолог ғалымдар, Қазақстанның белгілі қоғам қайраткерлері, Қырғызстан, Ресей, Түркия және Қытай ғалымдары арнайы байланысқа шықты. Белгілі мемлекет қайраткері Шерубай Құрманбайұлы мерейтой иесін құттықтап, құрмет грамотасымен марапаттады. Сондай- ақ Ресей ғылым академиясының Сібір бөлімінің солтүстігіндегі кішігірім ұлттардың гуманитарлық зерттеулер және проблемалар институтының филология ғылымдарының докторы Владимир Дмитриевич Монастырев Гүлдархан Нұрғазықызын құттықтап, оның тіл ғылымын дамытуға, түркі тілдерінің фразеологизмдерін дамытуға сіңірген еңбегін атап өтіп, оған шығармашылық табыс пен мықты Сібір денсаулығын тіледі. Ал Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология ғылымдарының кандидаты, Күркебаев Кенжетай Гүлдархан ханымның элективті курстары бойынша презентация дайындады. Ғалымға мұншалықты құрмет көрсетілуі тегін емес ұлтының тілін, ділін, болмысын шын жүрегімен сүйгендіктен қазақ фразеологиясының зерттелмеген «көмбесін» тауып, жылдар бойы зерттеп, қазақтың тілдік қорындағы фразеологиялық сөздік қорын байытқан ғалым бар құрметке лайық екені даусыз! Ғалымның «Фразеологизмдердің семантикалық категориялары», «Фразеологизмдердің варианттылығы», «Мағыналас фразеологизмдердің ұлттық-мәдени аспектілері», «Фразеологиялық калькалар», «Қазақ фразеологиясы лингвистикалық ғылыми парадигмаларда», «Мағыналас фразеологизмдер сөздігі», сияқты іргелі монографиялары мен оқулықтары, оқу құралдары мен сөздіктері қазақ тіл білімі ғылымында өз орыны бар зерттеулер!
Ұстаздықтың ұстасы Гүлдархан Нұрғазықызы 2004 жылы «Қазақ тіліндегі фразеологиялық калькалар» тақырыбымның ғылыми жетекшісі болғанын мақтан етемін. Ұстаз жетекшілігімен қорғаған 25 ғылым кандидаты мен 2 ғылым докторы, 3 РһD философия докторының әрқайсысына бағыт бағдар сілтеуде ғана емес, ғылыми еңбектерінің індете зерттелуі үшін барын салуы оның осы салаға жан тәнімен берілгенінің айғағы. Отбасының ұйытқысы, немерелеріне мейірімді әже болып қана қоймай, ғалым жолдасының жағдайын жасап, адал жар бола жүріп, Қазақ фразеологиясы ғылымын жан жақты, терең зерттеп, ұстаздық қызметін де қатар алып жүріп, 70 деген жасқа абыроймен жеткен жан айналасына, жан жағына үлгі!
Гүлдархан ұстазымыз білікті маман, үлкен ғалым, білікті ұстаз ғана емес адамгершілігі зор Тұлға. Гүлдархан атын «көңілі кеңдіне орай» айналасының Көлдархан атауы тегіннен тегін емес. Француз тілінің маманы бола тұра Сіздей ғалымның шәкірті болғаныма мақтанамын. Мәртебеңіз асқақтап, шәкірттеріңіздің ыстық ықыласына бөлене беріңіз! Ғылымға береріңіз таусылмасын!

Айтжанова Гүлнара Досхожақызы, әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының доценті

Дом, где возвращают надежды

Региональный филиал Общественного Фонда «АНА ҮЙІ» в городе Шымкенте...

Новый завод – новые возможности

Открытие завода по производству керамогранита стало важным событием для...

Бесплатный сыр бывает в мышеловке

Финансовые пирамиды остаются одной из наиболее распространенных форм мошенничества....

Международная интеграция юридического образования

Недавно в Шанхайском университете политики и права состоялся XI...

Под лежачий камень…

Многие наверняка помнят выступление Главы государства в феврале этого...