12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Елімізде инклюзивті білім беру қалай дамыған?

Соңғы жылдары еліміз инклюзивті білім беруге ерекше көңіл бөліп отыр. Бұл шараның маңызы зор. Өйткені мүгедектігі бар жандарды қанаттандыру, ертеңгі күніне үміт отын жағу оларға білім беруден басталады.

Инклюзивті білім беру аясында бала оқу процесіне бейімделмеуі керек, керісінше-оқу сипаты мен қарқыны баланың қажеттіліктеріне бейімделуі қажет.                                                                                                                                                          Негізі мүгедек балалар үшін оқытудың бірнеше нұсқалары қарастырылған. Таратып айтар болсақ, үйде оқыту; қашықтықтан оқыту, арнайы мектептер мен интернаттар; жалпы білім беретін мектептердің түзету сыныптары. Қазақстанда инклюзивті білім алуға мұқтаж ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар саны жыл сайын артып келе жатқаны сарапшыларды алаңдатып отыр. Дегенмен мүмкіндігі шектеулі балалардың көбеюіне орай еліміз осыдан бес жыл бұрын инклюзивті білім беруге бейімделе бастады. 2020 жылдың басына дейін балабақшалардың 30% — ы, мектептердің 70% — ы және колледждердің 40% — ы инклюзивті оқытуға бейімделуі міндеттелген болатын. Оқу министрлігі ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттерді оқыту және тұру үшін 58 жоғары оқу орындарында жағдай жасалған. Оларда пандустар, лифттер, әлеуметтік нысандар, кітапханалар қарастырылған.

Егер сыныпта ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушы пайда болса, онда білім басқармасы арқылы мектеп өзінің оқу орнын қажетті жиһазбен және жабдықпен жарақтайды, оқулықтармен және психологиялық-педагогикалық сүйемелдеумен қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, мұндай балалардың әрқайсысының өз көмекшісі –болуы керек. Бұл қазіргі мұғалім немесе білім басқармасы жалдаған маман болуы мүмкін. Инклюзивті білім беруге орай жолдаған сауалымызға министрлік «Бүгінгі таңда бұзушылықтардың сегіз түрі бойынша ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған 318 оқу бағдарламасы әзірленді. Зағип және нашар көретіндерге, сондай-ақ 1, 2, 5 және 7-сыныптардың интеллектісі бұзылған балаларға арналған оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер әзірленген» дейді. Сондай ақ министрлік тарапынан айтылғандай ЖОО-да, егер оған мүмкіндігі шектеулі студенттер түссе, оның әкімшілігі оқу үшін барлық қажетті жағдайларды ұсынуы тиіс. Инклюзивті білім беруді дамыту үшін мұғалімдердің байыпты психологиялық, әдістемелік және әдіснамалық дайындығы қажет. Өйткені әр мүмкіндігі шектеулі баламен үздіксіз жұмыс жүргізілуі керек. Бұл тұрғыда жыл сайын 320-дан астам арнайы педагог Түзету педагогикасының ұлттық ғылыми-практикалық орталығының базасында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтеді. 2015 жылдан бастап «Өрлеу» БАҰО АҚ базасында мектеп мұғалімдеріне инклюзивті білім беру бойынша біліктілікті арттыру курстары жүргізіледі.

Cтатистика бойынша Қазақстандағы мүмкіндігі шектеулі жандардың 61,5 пайызы еңбекке жарамды. Оларды тұрақты жұмыспен қамтып, шығармашылықпен айналысуына мүмкіндік жасай алып отырмыз ба? Берген білім кәделеріне жарап жатыр ма? Бұл туралы сарапшылар не дейді?

Амир СҮЛЕЙМЕНОВ, Мүгедек адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы Үйлестіру кеңесінің мүшесі, «Dayr» қоғамдық қорының төрағасы:
– Теңсіздікті азайтумен айналысатын жастар ұйымында жұмыс жасаймын. Мүмкіндігі шектеулі жандардың түрлі әлеуметтік мәселелерін шешіп жүрміз. Адамдарға өз өмірін жақсарту үшін жағдай жасауға тырысамыз. Үйлестіру кеңесінің мүшесі ретінде ортаның қолжетімділігімен айналысып жүрмін. Жыл сайын бейімдеуге үлкен қаржы бөлінеді. Дегенмен пандустар тек есеп беру үшін салынғандай. Кейбірі регламентке сәйкес келмейді, арбадағы адам оған өз бетімен көтеріле алмайды. Тік не сәйкес келмейтін материалдар қолданылуы мүмкін. Қолжетімді орта тек ғимаратқа кіретін пандус салумен шектелмейді, ауладан бастап, қызметтік бөлме мүгедектердің өз бетімен қозғала алуына қолайлы болуы керек. Инклюзивті білім беріп қана қоймай, алған білімдерінің кәдесіне жарауына ықпал етуіміз керек.
Осы орайда атап өтер жайт, адамдардың барлық жерде қызметті толық көлемде сапалы ала алмауы, талап етудің аздығынан. Мүгедектікті анықтауға байланысты шағым көп түседі. Түсіндіру жұмысын жүргіземіз, осы арқылы жемқорлық тәуекелін азайтуға тырысудамыз. Дәрігер мен қызмет алушының тікелей байланысын болдырмауға күш саламыз. Кемтар жандарды жұмысқа орналастыру маңызды. Олардың да тұрақты кірісі болуы керек. Еңбек нарығында ірі кәсіпорындарға 2-3 пайыздық квотаны мүгедектерге беру міндеттелген. Көп кәсіпорында бұл орындалмайды. ЖОО-лардың кейбірінде қолжетімділік жоқ. Мүмкіндігі шектеулі жандар не күндіз, не сырттай қашықтықтан оқи алмай жатады. Сондықтан инклюзивті білімнің арқасында сол олқылықтың орнын толтыра алсақ екен. Әр қабатта дәретхана болуын ескеру керек. Арнайы грант бөлу мәселесі де алдағы уақытта шешуді қажет ететін мәселенің бірі.

Әли АМАНБАЕВ, Қазақстан мүгедектер ұйымдары одағының төрағасы:
– Осы салада жұмыс істеп жүргеніме 30 жылдан асты ғой. Көрші елдермен салыстырғанда ерекше қажеттілігі бар адамдарға Қазақстанда әрине біршама жағдай жасалған. Мәселен, біздегі жеке көмекші беру, гигиеналық құралдар беру игілігі Орталық Азия елдерін былай қойғанда, Ресейде де жоқ. Сондай-ақ бізде көлік жүйесінде инватакси деген бар. Ол да көп елде қарастырылмаған. Алайда бұған тоқмейілсуге болмайды. Әлемнің алдыңғы қатарлы дамыған елдеріне қарап, соларға жетуді ойластыру қажет. Шынын айту керек бізде ерекше қажеттілігі бар адамдарға берілетін жәрдемақы көлемі аз. Үкіметтің берген 50 мың теңгесіне өмір сүру оңай емес. Құзырлы орындар төлемақы көлемін көбейте алмайтынын, бюджетте қаражат жоқ екенін айтады. Соншалықты шешілмейтін қиын мәселе емес қой. Бізде онсыз да мүгедектердің үлесі жалпы халықтың 3,8 пайызын ғана құрап отыр. Осы инклюзивті білім берудің арқасында алдағы уақытта мүмкіндігі шектеулі жандардың өз құқығын қорғап аларына үміт мол!

Ресейде – 9, ал әлем тұрғындарының әрбір оныншысы ерекше қажеттілігі бар адам деп саналады. Бізде мүкістігі кішкене болса, мысалы саусағы жоқ болса оны ерекше қажеттілігі бар жан деп санамайды. Қант диабетімен ауырғандарға да мүгедектік берілмейді. Бұл жағынан қарағанда әлемдегі озық мемлекеттермен салыстырғанда көзқарас та бөлек. Сондықтан адам құқығы сақталып отыр деп айту да қиын. Ерекше қажеттілігі бар адамдардың бір деректерде 63 пайызы еңбекке қабілетті деп айтылса, тағы біреулерінде 70-80 пайыз деп айтылады. Германияда «балдақпен, қоларбамен жүретіндер 100 пайыз жұмыспен қамтылғанмен, ақыл-есінде ауытқушылығы барлар 50-ақ пайыз жұмыспен қамтылып отыр» деп уайымдағандарын көрдім. Әрбір ел өз деңгейімен бағалайды ғой. АҚШ-та кәсіпкер ерекше қажеттілігі бар адамдарға бөлінген 7 пайыздық квотаны сақтамаса, ешбір тендерге қатыса алмайды. Біз де осындай тәртіпті енгізейік деп ұсыныс айтып жүрміз.

ПРОБАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕГІ 400 АЗАМАТҚА АРНАЛҒАН ФОРУМ: «ӨТКЕННЕН САБАҚ, БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ»

Түркістанда полиция мен прокуратураның ұйымдастыруымен «Өткеннен сабақ, болашаққа қадам»...

Полицейлер дүкен кассасынан ақша ұрлығын тергеуде

Сайрам аудандық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында бөтеннің...

Жалған хабарлама: полиция жарылғыш зат туралы хабарлаған кәмелетке толмаған баланы тапты

Түркістан облысында полицияға белгісіз адамнан қоңырау келіп түсті. Онда...

В Алматинской области врачи из Турции провели мастер-класс

В Алматинской региональной многопрофильной клинике прошел мастер-класс, во время...