ҚР Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес, 7 қыркүйектен бастап республика аумағында «Учаске» жедел –алдын алу іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараның мақсаты- әкімшілік учаскелерде құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмысты жандандыру, азаматтармен тығыз сенімді қарым-қатынас орнату, сондай-ақ халық арасында ішкі істер органдарының имиджін арттыру.
«Учаске» профилактикалық іс-шарасы аясында Жаңақорған аудандық пробация қызметкерлері мен аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің қызметкерлері бірлесе жұмыс атқарды. Пробация есебінде тұратын қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жаза түріне сотталған 86 азаматтың тұрғылықты мекенжайы мен жұмыс орындарына тексеру жұмыстарын жүргізді. Тексеру барысында есепке алынған әрбір азаматтың мінез-құлқына бақылау жасалып, пробация қызметінің есебінен жалтарудың, құқық бұзушылық пен қайта қылмыс жасауының алдын алу бойынша тәрбиелік мәні бар жұмыстар жүргізілді.
Тексеру нәтижесінде сот жүктеген міндеттерді орындамаған 1 сотталғанның іс – құжаттары бас бостандығынан шектеу жазасын бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру үшін аудандық сотқа жолданды.
Жаңақорған аудандық пробация қызметі