12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ҮЙДЕН КЕТІП ҚАЛУ СЕБЕПТЕРІ НЕДЕ?

2019 жылы полиция органдарына жоғалғандар жөнінде 632 шағым түсіп, соның ішінде 579 адам көп ұзамай табылған. 100-ге жуық бала үйіне қайтарылған екен. Балалардың үйінен қашып кетуіне – бірі көбіне жағдайы нашар отбасынан шыққан балалар осындай қадамға барып жататынын айтса, енді бірі – бұған ата-ананың баламен дұрыс қарым-қатынас жасай алмауында деп түсіндіреді. Шын мәнінде балалар өз үйінен неге қашады? Оларға заң жүзінде қолданылатын қандай жаза бар?

Нұрлан АПАХАЕВ, заң ғылымдарының кандидаты, доцент:
– Көбіне ата-аналар балаларын тәрбиелейтін кезде физикалық, моральдық, рухани тәрбиесіне, 18 жасқа дейін жан-жақты қалыптасуына, білім алуына жеткілікті көңіл бөлмеген кезде және ата-аналар баламен дұрыс қарым-қатынас жасай алмай, баланың ішкі жан дүниесіне үңілмеген кезде болады деп ойлаймын. Ал заң жүзінде ата-аналардың балаға деген жауапкершілігі 2011жылы 26 желтоқсанда қабылданған «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексінде айқын жазылған. Ал баланың заңды өкілдері – ата-аналар, асырап алушылар, қорғаншылар, қамқоршылар, патронат тәрбиешілер, қорғаншы және қамқоршы органдары, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелер, қамқорлық, білім беру, тәрбиелеу, баланың құқықтарын қорғау мен мүдделерін жүзеге асыратын интернат мекемелері. Осы кодекстің 70-бабында ата-аналардың баланы тәрбиелеу және оған білім беру жөніндегі құқықтары мен міндеттері айқын көрсетіледі.

– Ата-аналардың өз балаларын тәрбиелеуге құқығы бар және оған міндетті. Сондай-ақ ата-аналардың басқа да барлық адамдарға қарағанда өз балаларын тәрбиелеуге басым құқығы бар. Сонымен қатар, ата-аналар балалардың орта білім алуын қамтамасыз етуге міндетті. Балалардың тәрбиесі мен білім алуына қатысты мүдделерін негізге алып және олардың пікірін ескере отырып, өзара келісімі бойынша ата-аналар шешеді. Қандай жаза қолданады дегенге келер болсақ, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 127-бабында кәмелетке
толмағандарды тәрбиелеу, оған білім беру құқықтары мен мүдделерін қорғау жөнінде міндеттерді орындамаған жағдайда ата-анаға немесе заңды өкілдеріне 10 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Ал ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабы бойынша, кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді ата-анасы немесе заңды өкілі орындамаған жағдайда, егер ол адамның тәрбиесі педагогқа жүктелсе, педагог белгілі бір лауазымдағы қызметін 3 жыл көлемінде атқарудан айырылады және 160 АЕК көлемінде айыппұл салынады.

Ақнұр ТӘУЕКЕЛ, психолог:
– Ең бірінші, баланың үйден кетіп қалу себебі оның жасы мен қоршаған ортасындағы жағдайға байланысты. Екінші, баланың ата-анасымен қарым-қатынасына байланысты. Үшінші, өтпелі кезеңде жасөспірімдер өздерін тұлға ретінде көрсетіп, «мен үлкен болдым, не істегім келсе, соны істеймін» деген сияқты, өз бетімен шешім қабылдап, іс-әрекет жасағысы келеді. Жалпы баланың үйден қашып кету себебі көп. Кейбір балалар үйінде жаза күтіп тұрса, отбасындағы ұрыскеріс, ересектердің әлімжеттік жасап, күш көрсетуінен шаршаса, осындай әрекетке барады. Ал өтпелі кезеңде тұрған ұл мен қыздың жүйкесі тым жұқа келеді. Өтпелі кезеңде ата-ана тарапынан қолдау көрмеген баланың мінез-құлқы, жүріп-тұруы мен психикасы өзгереді. Ата-анасымен, араласатын ортасымен де қарым-қатынастары өзгеруі ықтимал. Осы кезеңдерде баланың үйінен қашып кетуі көрініс табуы мүмкін. Одан бөлек көбіне ерке балалардың мінез көрсетіп, үйден қашып кетуі де жиі байқалады.

Оған басты себеп – ата-ана мен бала арасында сенімнің болмауы немесе арадағы шиеленіскен қарым-қатынас деп ойлаймын. Сонымен қатар, тұрмысы төмен, ішімдікке салынған немесе толыққанды отбасында өспеген балалар да мұндай әрекетке жиі барады. Баланың мұндағы іс-әрекеті өзін осы ортадан алып шығу, мұндай жерде өмір сүруден қашу дегенге саяды. Бұл тұста тағы бір айта кететін мәселе, қазіргі қоғамда отбасылық жанжалдар өте көп. Ал оны көріп өскен баланың психологиясы қалай болады деп ойлайсыз? Бала деген сорғыш секілді үйдегі болып жатқан барлық жағдайды өзіне бірден сіңіріп алады. Ал күнделікті отбасындағы ұрыс-керістер баланың жан-дүниесін жаралап қана қоймай, оның үйден кетіп қалуы секілді іс-әрекеттерге жеткізеді. Баланың үйден қашып кетуінің алдын алу үшін ата-ана баламен дос болуы керек. Бала
әкесіне немесе анасына проблемаларын айта алатын деңгейге жетіп, араларында ең бастысы сенім болуы тиіс. Баланың сеніміне кіру қажет. Егер балаңыз үйден кетіп қалған жағдайда, алдағы уақытта оған жол бермеуге тырысу қажет. Ол үшін баламен жұмыс жасау керек. Сіздің қолыңыздан келмесе, психолог мамандардың көмегіне жүгініңіз. «Жаман айтпай, жақсы жоқ», демекші, ата-аналарын қорқыту мақсатында үйден кеткен бала, жолай жамандыққа ұрынып қалса, не болмақ? Сондықтан қандай жағдай болмасын балаға мейіріммен қарап, жылы сөздер көп айту керек. Бұл баланың өзіндік орнын байқатып, өз-өзіне деген сенімін жоғарылатады және жанына жылу береді.

Сауалнаманы дайындаған Ақбота ЕРБОЛҚЫЗЫ, «Заң газеті»

КОДЕКС СУДЕЙСКОЙ ЭТИКИ

Судьи Республики Казахстан, основываясь на Конституции Республики Казахстан (далее...

Харассмент: за молчаливым барьером

Актуальность данной темы в современном обществе невозможно переоценить. За...

Полиция «Альфард» жүргізушілеріне түсіндірме жүргізді

Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовтың тапсырмасымен жеке...

Жастардың құқықтық санасын, рухын оятып, мәдениетін дамыту керек

Сыбайласқан жемқорлық атты дерттен арылу және жойу жолын жастардың...

«Арсыз, надан» деген сөздер ар-намысты қорлауға жата ма? Адвокат жауабы

Белгілі адвокат Жания Бодау "Арсыз, надан" сөздері ар-намысты қорлауға...