Бас бостандығынан айырылып, жазаларын өтеп жатқан адамдардың азаматтығын растайтын жеке куәліктерінің болмауы көптеп кездеседі. Нақтылай түссек,Талдықорған қаласында орналасқан ЛА-155/16 тергеу изоляторына құжатсыз түскендер баршылық.
«Осындай жағдай туындаған кезде мекеме қызметкерлері облыстық ішкі істер департаменті көші-қон басқармасының қызметкерлерімен бірлесе отырып, құжаттандыру жұмыстарына дереу кіріседі» — деді аталған мекеме бастығы Арнай Абдрахманов.
Осылайша мекеме қызметкерлерімен 2020 жылдың 13 қарашасында 7 азаматтың жеке басын куәландыратын құжаттары жасалды, ал жыл басынан барлығы 12 азаматтың құжаттары әзірленіп, жеке істеріне тіркелді. «Бас бостандығынан айыру орындарында біздің азаматтық-құқығымыздың бұзылмауына септігін тигізіп жатқан мекеме қызметкерлеріне алғысымызды білдіреміз» — дейді құжат иелері.
Қорыта айтқанда, бұл жұмыс Алматы облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаменті қызметткерлерінің заң талабын дер кезінде орындалуын талап ете білгенінің көрінісі болып табылады.
Алматы облыстық ҚАЖД.