12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Жылжымайтын мүлік мекенжайын нақтылау үшін алматылықтарға ХҚО-ға барудың қажеті жоқ

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңының 6-бабына сәйкес, мемлекеттік органдардың шешімімен жылжымайтын мүліктің сәйкестендіру сипаттамалары өзгерген жағдайда, өзгерістерді тіркеу құқық иесіне жүктелмейтінін еске салады. Мұндай өзгерістерге, атап айтқанда, елдімекендердің атаулары, көше атаулары, сондай-ақ ғимараттардың және басқа құрылыс нысандарының (мекен-жайлардың) реттік нөмірінің өзгеруі немесе ҚР әкімшілік-аумақтық құрылым реформасына байланысты кадастрлық нөмірлердің ауысуы жатады.

Жылжымайтын мүліктің сәйкестендіру сипаттамасы бойынша мемлекеттік органдардың шешімімен енген өзгерістерді мемлекеттік тіркеу мемлекеттік ақпарат жүйелерін өзара ықпалдастыру аясында жүзеге асады.

Енді жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайы өзгерген жағдайда, тіркелген құқықтар мен жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық сипаттамалары туралы анықтамада мекенжайдың тарихи деректері қоса көрсетіледі (жаңа мекенжаймен бірге ескі мекенжай атауы да жазылады). Мысалы, Алматы қ., З. Қабдолов к-сі, 15 (бұдан бұрын Алматы қ., Маречек к-сі, 15).  Сонымен қатар құқық белгілеуші құжаттарда алдыңғы мәліметтер сақталады, бұл ретте жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын нақтылау қажет емес.

 «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы

КЕАҚ Алматы қаласы филиалы. Тел.: 87073240176

КОДЕКС СУДЕЙСКОЙ ЭТИКИ

Судьи Республики Казахстан, основываясь на Конституции Республики Казахстан (далее...

Харассмент: за молчаливым барьером

Актуальность данной темы в современном обществе невозможно переоценить. За...

Полиция «Альфард» жүргізушілеріне түсіндірме жүргізді

Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовтың тапсырмасымен жеке...

Жастардың құқықтық санасын, рухын оятып, мәдениетін дамыту керек

Сыбайласқан жемқорлық атты дерттен арылу және жойу жолын жастардың...

«Арсыз, надан» деген сөздер ар-намысты қорлауға жата ма? Адвокат жауабы

Белгілі адвокат Жания Бодау "Арсыз, надан" сөздері ар-намысты қорлауға...