12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

СОТ ІСТЕРІНІҢ САНЫН АЗАЙТУДЫҢ ЖОЛЫ ҚАНДАЙ?

Cоттасу, дауласу – кез келген қоғамға тән құбылыс. Бірақ елімізде дау-дамай саны жылдан-жылға артуда. Мәселен, 2014 жылы соттарда 1,6 млн іспен материал қаралса, 2019 жылы 3,3 миллионға жеткен. Оның басым бөлігі азаматтық даулар мен ажырасу істері екен. Ал бұған мемлекеттік баждың соттардағы мөлшерін көбейту тосқауыл бола ала ма?

Қанат ЖҰМАБАЙ, Адам құқықтарын қорғау комитетінің Қазақстандағы өкілдігі төрағасының бірінші орынбасары:
– Баж салығы – белгілі бір көрсеткен қызметі үшін мемлекеттік органдардың азаматтардан, мекемелерден және ұйымдардан алатын алымдары. Ал оны көтеру бір жағынан қате пікір. Әрнәрсенің екі жағын қарау керек. Бірінші, Конституция бойынша, Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек судьялар, соттар жүзеге асыра алады. Және оның ісіне қандай да бір мемлекеттік органдар, лауазымды тұлғалардың араласуына жол берілмейді. «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңы бар. Соның бірінші бабында «Сот iсiн қарау тәртiбiмен қаралуға тиiс өтiнiштердi, арыздар мен шағымдарды басқа ешқандай органның, лауазымды немесе өзге де адамдардың қарауына немесе бақылауға алуына болмайды, – деп анық жазылған. Яғни, «сот пен заң алдында жұрттың бәрі тең» деген Конституциялық принцип. Сондықтан азаматтар сол принципті басшылыққа ала отырып, сотқа жүгінуде. Әділдікті соттан табамыз деген үмітпен сотқа ғана жүгіне алады. Соттан әділ шешім таба алады. Сол себепті баж салығын негізсіз көтеру дұрыс емес. Азаматтардың сотқа жүгіну, арыздану, шағымдануы баж салығын көтерумен байланыс­ты азайғанымен, қоғамдағы азаматтардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру онымен шешілмейді. Сондықтан мұның екінші жағын да қарастыру керек. Сонда азаматтар өз құқықтарын қорғау үшін қайда бару керек? Баж салығын көбейтумен мәселе шешілмейді. Одан да сапалы сот ісін жүргізуді ойластырсын. Одан гөрі сотқа дейінгі билердің институтын күшейтуді қалыптастырсын. Қазіргі медиатор деп жүргеніміз ол – бітімгер. Сотқа дейін соларды, алқа билерді көбейтсін. Ақшасы жоқ, баж салығын төлеуге жағдайы жоқ, құқығы бұзылған адам өз құқығын сот арқылы қорғану мүмкіншілігінен айырылады. Қорыта айтқанда екі қырынан алғанда, баж салығын көтермелеу «Сот пен заң алдында жұрттың бәрі тең» принципіне қайшылық тудырады.

Нұрлан АПАХАЕВ, Заң ғылымдарының кандидаты, доцент:
– Мемлекеттік баждың мөлшерін 3000 теңге, тіпті 30 мың теңгеге көтеріп қойса да, одан сот істері азайып немесе ажырасу тоқтап қалмайды. Біз салықты көтерумен ажырасу ісін тоқтата алмаймыз. Біз бұл жерде себебімен емес, салдарымен күресіп жатырмыз. Ал сонда себеппен күреспейміз бе? Мысалы, жақында ғана 1998 бен 2000 жылдары туған жастарды, яғни жас отбасыны ажырастырдым. Оларға қарап менің жаным ашиды. Өйткені елімізде ажырасу деректері жылдан-жылға өсіп келеді. Қазіргі күні шаңырақ көтерген үш жұптың кем дегенде біреуі ажырасып жатыр. Мәселен, 2019 жылы тіркелген некелер санының 43 пайызы ажырасумен аяқталған.– Мұндай жағдайға жетуіміздің себебі неде? Неге, біз, себебімен күреспейміз? Мүмкін жас отбасыға психологиялық, әлеуметтік тұрғыдан көмек керек шығар. Демек, ажырасу көрсеткіштерінің өсуі қандай факторларға байланысты екенін бағамдап, сонымен күресу керек. Себебі, ажырасқысы келетін адам салық мөлшеріне қарамайды. Тіпті ажырасу процесі алты айға созылатынын естіп, «жылдам ажырасуға бола ма, үстіне қосымша салық төлеу керек болса, төлейміз» деп айтатындар да бар. Демек, ажырасуға баж салығын көтеру тосқауыл бола алмайды. Заңгер ретінде баж салығын көтеру мәселенің шешімін табуға көмектеседі деп ойламаймын. Иә, Англия, Франция сияқты өркениетті мемлекеттерде ажырасу өте қымбат. Бірақ дамыған елді дамушы мемлекетпен салыстыруға келмейді. Біз де адам құқықтары, адамды сыйлау, жалпы құқықтық сана-сезім, мәдениетіміз көтерілгеннен кейін ғана сондай дәрежеге жетеміз.

Сауалнаманы дайындаған Ақбота ЕРБОЛҚЫЗЫ

КОДЕКС СУДЕЙСКОЙ ЭТИКИ

Судьи Республики Казахстан, основываясь на Конституции Республики Казахстан (далее...

Харассмент: за молчаливым барьером

Актуальность данной темы в современном обществе невозможно переоценить. За...

Полиция «Альфард» жүргізушілеріне түсіндірме жүргізді

Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовтың тапсырмасымен жеке...

Жастардың құқықтық санасын, рухын оятып, мәдениетін дамыту керек

Сыбайласқан жемқорлық атты дерттен арылу және жойу жолын жастардың...

«Арсыз, надан» деген сөздер ар-намысты қорлауға жата ма? Адвокат жауабы

Белгілі адвокат Жания Бодау "Арсыз, надан" сөздері ар-намысты қорлауға...