12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Елімізде жыл басынан бері 144 адам жұмыс орнында қаза тапқан

Сондай-ақ, биылғы 9 айда еліміз кәсіпорындарында 1023 адам зардап шеккен. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы Ербол Нұрғалиев Шығыс Қазақстан облысының жұмыс берушілерімен өндірістік жарақаттануды және еңбек жағдайлары зиянды жұмыс орындарын төмендету жөніндегі шаралар туралы онлайн-кеңес өткізді.

Іс-шараға ҚР Еңбекмині Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті төрағасының орынбасары Төлеген Оспанқұлов, жергілікті атқарушы орган басқармаларының басшылары, әлеуметтік әріптестердің өкілдері және өңір кәсіпорындарының басшылары қатысты.

Кеңес барысында қатысушылар өңір кәсіпорындарында орын алған жазатайым оқиғалардың себептері мен мән-жайларын талқылады, сондай-ақ еңбекті қорғау тиімділігін арттыру бойынша пікір, тәжірибе және ұсыныстарын алмасты.

ҚР Бас еңбек инспекторы Төлеген Оспанқұлов өз сөзінде қатысушыларға Қазақстандағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды реттеудің дуальды жүйесі туралы еске салды, онда бір жағынан, мемлекет еңбекті қорғау жөніндегі стандарттар мен талаптарды және олардың сақталуын міндетті бақылауды нормативтік тұрғыдан белгілейді, ал жұмыс берушілер мен қызметкерлер кәсіпорындардың өзінде еңбекті қорғауды тікелей басқарады.

«Кәсіби тәуекелдерді басқарудың заманға сай жүйесін енгізу үшін еліміздің 2,6 мыңнан астам ірі кәсіпорны Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша халықаралық және ұлттық стандарттарды енгізді. Бұл ретте Шығыс Қазақстан облысының үлесіне осы кәсіпорындардың оннан бір бөлігі, яғни 251 кәсіпорын тиесілі», – деп атап өтті Төлеген Оспанқұлов.

Сондай-ақ, оның айтуынша, еңбекті қорғау талаптарын қамтамасыз ету, өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың алдын алу бойынша бірлескен іс-қимылдарды ұйымдастыру үшін кәсіпорындарда 15 мыңнан астам еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңестер құрылды, олардың құрамына жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің өкілдері кіреді, оның ішінде Шығыс Қазақстан облысында 1286 өкіл бар.

«Бұдан басқа, өңірде жұмыс орындарындағы еңбек жағдайларының нақты жай-күйін тексеру және олар бойынша шаралар кешенін одан әрі жүргізу үшін 346 өндірістік объект аттестатталды – бұл басқа облыстар арасындағы ең жоғары көрсеткіш. Жыл басынан бері еліміз бойынша барлығы 2,5 мың кәсіпорын осындай тексеруден өтті», – деп хабарлады ҚР Бас еңбек инспекторы.

Төлеген Оспанқұловтың айтуынша, осы жылдың 9 айында еліміздің кәсіпорындарында 1023 адам зардап шекті, бұл 943 адам зардап шеккен 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,5%-ға жоғары көрсеткіш. Ал жұмыс орнында жазатайым оқиғалар кезінде қаза тапқандар саны 144 адамды құрады, яғни бұл өткен жылға қарағанда 29,7%-ға жоғары (111 адам) көрсеткіш.

Мәселен, Шығыс Қазақстан облысында зардап шеккендердің саны 137-ден 135 адамға дейін азайды, алайда адам өлімімен аяқталған зардап шеккендердің саны 2,7 есеге артып, 19 адамды құрады.

Бұл ретте, ҚР Еңбекмині Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті төрағасының орынбасары қауіпсіз еңбек жағдайларын жасауға көбінесе жұмыс берушілер ғана емес, сондай-ақ қызметкерлердің де немқұрайлы қарайтынын баса айтты.

Шығыс Қазақстан облысындағы өндірістік жарақаттанудың өзекті мәселелерін талқылау қорытындысы бойынша ҚР Еңбекмині Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы Ербол Нұрғалиев кәсіпорындардың басшыларына өңірдің Еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасымен бірлесіп кәсіпорындарда салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету бойынша жағдайды жақсарту үшін бірқатар іс-шаралар өткізуді ұсынды.

«Жыл соңына дейін 2019-2023 жылдарға арналған өндірістік жарақаттануды және еңбек жағдайлары зиянды жұмыс орындарын азайту жөніндегі жол картасын орындау бойынша жұмысты күшейту, жұмыста жазатайым оқиғалар болған әрбір кәсіпорында еңбек жағдайларын жақсарту және өндірістік жарақаттануды азайту жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу және бекіту қажет деп санаймын. Сондай-ақ, өндірістік кәсіпорындарда кәсіптік қауіп-қатерді бағалауды тұрақты өткізіп, оны азайту бойынша шаралар қабылдау маңызды», – деп қорытындылады Ербол Нұрғалиев.

Сөз соңында ол облыс кәсіпорындарында еңбекті қорғауды басқару жүйесін, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңестерді, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету бойынша тапсырыс берушіден мердігерге дейін тік бақылауды, сондай-ақ «Халықтық бақылау» жобасын енгізу және «VizionZero» халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығының тұжырымдамасын ілгерілетуді жандандыру қажет деп қосты.

КОДЕКС СУДЕЙСКОЙ ЭТИКИ

Судьи Республики Казахстан, основываясь на Конституции Республики Казахстан (далее...

Харассмент: за молчаливым барьером

Актуальность данной темы в современном обществе невозможно переоценить. За...

Полиция «Альфард» жүргізушілеріне түсіндірме жүргізді

Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовтың тапсырмасымен жеке...

Жастардың құқықтық санасын, рухын оятып, мәдениетін дамыту керек

Сыбайласқан жемқорлық атты дерттен арылу және жойу жолын жастардың...

«Арсыз, надан» деген сөздер ар-намысты қорлауға жата ма? Адвокат жауабы

Белгілі адвокат Жания Бодау "Арсыз, надан" сөздері ар-намысты қорлауға...