Елімізде ажырасқаны үшін төленетін салық сомасы өсуі мүмкін

Мысалы, сот арқылы ажырасудың құны бар-жоғы 830 теңге. Өзбекстанда бұл сома 25 есе (20 750 теңге), ал Молдовада 120 есе (99 600 теңге) көп. Қазақстан судьяларының VIII съезіне қатысқан Алматы қалалық сотының судьясы Біржан Кәрібжанов өз әріптестерінің жағдайын жақсартуға арналған бірнеше ұсынысты жариялады. Соның ішінде ол мемлекеттік баж салығын көтеру керек деп есептейді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Оның айтуынша, судьялар корпусына қосымша білікті заңгерлер қажет. Бірақ кәсіби мамандар сот жүйесіне барғысы келмейді. Біржан Кәрібжанов мұның қаржыға байланысты екенін айтты.

Судьяның сөзінше, сот жүйесіне мемлекеттік бюджеттен бөлінетін қаржының көлемі пайыздық деңгейде бекітілуі тиіс. Осы орайда судья қазіргі экономикалық жағдайды ескере отырып, бұл мәселені бюджетке салмақ түсірмей-ақ шешуге болатынын жеткізді. Ол – мемлекеттік бажды көтеру.

«Мысалы, сот арқылы ажырасудың құны бар-жоғы 830 теңге. Өзбекстанда бұл сома 25 есе (20 750 теңге), ал Молдовада 120 есе (99 600 теңге) көп. Баж төмен болғандықтан мыңдаған адам келісімге келмейді, бірден соттасуды қалайды. Баждың мөлшері 90-шы жылдан бері мүлдем өзгермеген. Істердің 84 пайызы бойынша баж құны 5 мың теңгеге де жетпейді», – деп атап көрсетті Кәрібжанов.

 Родом из бүркітші

ДЕНЬ РЕСПУБЛИКИ ДЛЯ КАЖДОГО ИЗ НАС АССОЦИИРУЕТСЯ С ПРАЗДНИКОМ,...

Территория новых увлечений и побед 

Два новых государственных комплекса TANYM ART и TANYM SPORT...

Не карать, а помогать 

В ПОСЛЕДНИЕ ГОДЫ ПРАВООХРАНИТЕЛЬНАЯ СИСТЕМА КАЗАХСТАНА ПЕРЕЖИВАЕТ СУЩЕСТВЕННУЮ ТРАНСФОРМАЦИЮ,...

Дружба, связанная правом и веками 

25 октября в Республике Казахстан отмечается главный национальный праздник...

Интеллектуальная собственность и ее защита 

Вопросы регулирования в сфере интеллектуальной собственности: как решать их,...