ХҚО мамандары үшем туған көп балалы анаға көмектесті

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Түркістан облыстық филиалы жуырда ғана үшем туған көп балалы жас ананы құттықтап, оған көмектесу үшін арнайы жасақталған мобильді топ жіберді.

«Бұған дейін 3 баласы бар 23 жастағы Еркінай Есенбаева дүниеге үшем әкеліп, көп балалы аналардың қатарына қосылғаны туралы ақпаратты ақпарат құралдарынан білдік. Сондай-ақ бала тууға байланысты мемлекеттік қызметтерді рәсімдеуге үшемнің ата-анасының уақыты болмай жүргендігін естісімен, біз бірден олармен хабарласып, өз көмегімізді ұсындық. Арнайы шалғай өңірлерге қызмет көрсетуге арналған мобилді ХҚО-ның қызметкерлерін жіберіп, қажетті құжаттар мен өтінішін қабылдадық», — дейді «Азаматтарға арналған үкімет» Түркістан облыстық филиалының директоры Ержан Жеңісбеков.

Халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары Еркінайдың үйіне барып, туу туралы куәлігін табыстап, балалардың тууына байланысты және бір жасқа дейінгі жәрдемақы тағайындау қызметтері бойынша құжаттарды қабылдап, өтінішті уәкілетті органдарға жіберді. Енді қараша айының басында жас ата-ана өздеріне және балаларына тиесілі мемлекеттік төлемдерге ие болады.

«Балаларымның жәрдемақыларын алу үшін құжат тапсыруға баруға мүмкіндігім болмай жүрген еді. Алайда ХҚО-ның қызметкерлері маған хабарласып, арнайы қызметкерлер жібертіп, құжаттарымды үйде отырып өткізуге көмектесті. Мен қатты қуанып қалдым. Мамандар маған гүл сыйлап, құттықтап, жылы лебіздерін жеткізді. Менің қиналып отырғанымды естіп, жедел әрекет жасаған ХҚО-ның мамандарына алғыс білдіремін», — деді жас ана.

Айта кету керек, бала тууға байланысты мемлекеттік қызметтерді проактивті түрде алуға болады. Бұл үшін мобилді азаматтар базасына тіркеліп, ұялы телефоныңызға келген сауалдарға жауап берсеңіз жеткілікті.

 

«Азаматтарға арналған үкімет» 
мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ
Түркістан облысы бойынша филиалының
ресми өкілі Амантай Егембердиев

 Родом из бүркітші

ДЕНЬ РЕСПУБЛИКИ ДЛЯ КАЖДОГО ИЗ НАС АССОЦИИРУЕТСЯ С ПРАЗДНИКОМ,...

Территория новых увлечений и побед 

Два новых государственных комплекса TANYM ART и TANYM SPORT...

Не карать, а помогать 

В ПОСЛЕДНИЕ ГОДЫ ПРАВООХРАНИТЕЛЬНАЯ СИСТЕМА КАЗАХСТАНА ПЕРЕЖИВАЕТ СУЩЕСТВЕННУЮ ТРАНСФОРМАЦИЮ,...

Дружба, связанная правом и веками 

25 октября в Республике Казахстан отмечается главный национальный праздник...

Интеллектуальная собственность и ее защита 

Вопросы регулирования в сфере интеллектуальной собственности: как решать их,...