12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Онлайн-дөңгелек үстел өтті

Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Қылмыстық істер бойынша молекулярлық – генетикалық сараптама мүмкіндіктері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында судья Л.Ильясованың, облыс прокуратурасының басқарма прокуроры Б.Жаиймбаевтың, облыстық адвокаттар алқасының адвокаты А.Аманжолованың, Шу аудандық ПБ-нің тергеушісі Е.Сентирбайдың қатысуымен «Қылмыстық істер бойынша молекулярлық – генетикалық сараптама мүмкіндіктері» тақырыбында «WhatsApp» мобильді қосымшасы арқылы онлайн режимінде дөңгелек үстел өткізілді.

Баяндама жасай отырып, Л.Ильясова генетикалық сараптама бойынша тәжірибеде кездескен әр түрлі мысалға сілтеме жасай отырып, сот молекулярлық – генетикалық сараптамасы криминалистика, молекулярлық биология және адам генетикасы саласында арнайы ғылыми білімдер негізінде адамды нақты ұқсастыру және шығу тегінің биологиялық ортақтығын анықтаумен байланысты маңызды дәлелді ақпараттарды анықтау үшін жүргізіледі, деп атап өтті. Баяндамашы осындай зерттеу нысандарының түрлері туралы және әдетте сарапшының алдына қою керек сұрақтарға да тоқталды.

«Сот сараптамасы қылмыстық іс бойынша процестік әрекеттер мен дәлелдемелердің бірі болып табылады. Басты сот талқылауы кезінде сот сот сараптамасын тараптардың өтінішхаты немесе өз бастамасы бойынша тағайындайды. Қылмыстық-процестік кодекс және басқада нормативтік құқықтық актілер сот сараптамасын тағайындауға негіз болып табылады»- деп қорытты спикер.

Жаиймбаев Б., өз кезегінде сот сараптамасы дәлелдемелік құқықтық институттардың бірі болып табылады және азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істерді қарау барысында үлкен мән беріледі, істер бойынша заңды шешімдер қабылдауына әсер етеді,- деп атап көрсетті.

Іс-шара барысында қатысушылар молекулярлы-генетикалық сараптама объектілері, молекулярлы-генетикалық сараптама өткізу барысында қойылатын міндеттер мен мақсаттар, молекулярлы-генетикалық сараптама тағайындау тәртібі, зерттелетін объектілерге қойылатын талаптар, жеке сот сарапшысымен өткізілетін сот сараптамасының артықшылығы секілді молекулярлы-генетикалық сараптама тағайындау барысында туындайтын негізгі сұрақтарды талқылады.

Онлайн-дөңгелек үстел соңында қатысушылар қаралған мәселе бойынша пікірлерімен алмасты және заңнаманы бірізді қолдану бойынша тәжірибелік ұсынымдарды әзірледі.

Райхан Ратова,

Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер

жөніндегі мамандандырылған ауданаралық

сотының бас маманы

КОДЕКС СУДЕЙСКОЙ ЭТИКИ

Судьи Республики Казахстан, основываясь на Конституции Республики Казахстан (далее...

Харассмент: за молчаливым барьером

Актуальность данной темы в современном обществе невозможно переоценить. За...

Полиция «Альфард» жүргізушілеріне түсіндірме жүргізді

Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовтың тапсырмасымен жеке...

Жастардың құқықтық санасын, рухын оятып, мәдениетін дамыту керек

Сыбайласқан жемқорлық атты дерттен арылу және жойу жолын жастардың...

«Арсыз, надан» деген сөздер ар-намысты қорлауға жата ма? Адвокат жауабы

Белгілі адвокат Жания Бодау "Арсыз, надан" сөздері ар-намысты қорлауға...