ХҚО қызметкерлері 101 жастағы кейуананы құттықтады

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Алматы қаласы бойынша филиалының қызметкерлері мемлекеттік қызмет көрсету үшін қарт адамдарға үйлеріне барды. Алайда, олар тек мемлекеттік қызметтерді көрсетіп қана қоймай, зейнеткерлерді өміріндегі маңызды оқиғалармен құттықтап, шағын сыйлықтар сыйлады.
Пак Бон-Нен әже 1919 жылы туған, 101 жаста. Әжені осы атаулы мерекесімен құттықтауға Әуезов аудандық фронт-офис қызметкерлері үйіне барып, жаңа жеке куәлігін ресімдеп, мықты денсаулық тілей отырып туған күніне сыйлық сыйлады.


Одан кейін ХҚКО қызметкерлері ауданның құрметті қариялары — Сергей Семенович Косяков пен Василий Егорович Петровты да туған күндерімен құттықтап, құжаттарын рәсімдеп, сыйлықтар табыстап қайтты. Ардагерлерге фронт-офис ұжымының атынан алғыс хаттар табыс етті. Қариялар фронт-офис қызметкерлеріне риза болып, көңіл бөлгендері, жылулық сыйлағандары және қамқорлықтары үшін алғыстарын білдірді.


Естеріңізге сала кетейік, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы » Біз жылу сыйлаймыз» атты жаңа тұжырымдаманы іске қосып, оған сәйкес әрбір клиентті айтулы оқиғаларымен құттықтайды.

 Родом из бүркітші

ДЕНЬ РЕСПУБЛИКИ ДЛЯ КАЖДОГО ИЗ НАС АССОЦИИРУЕТСЯ С ПРАЗДНИКОМ,...

Территория новых увлечений и побед 

Два новых государственных комплекса TANYM ART и TANYM SPORT...

Не карать, а помогать 

В ПОСЛЕДНИЕ ГОДЫ ПРАВООХРАНИТЕЛЬНАЯ СИСТЕМА КАЗАХСТАНА ПЕРЕЖИВАЕТ СУЩЕСТВЕННУЮ ТРАНСФОРМАЦИЮ,...

Дружба, связанная правом и веками 

25 октября в Республике Казахстан отмечается главный национальный праздник...

Интеллектуальная собственность и ее защита 

Вопросы регулирования в сфере интеллектуальной собственности: как решать их,...