Байзақ аудандық сотының төрағасы Е.У.Тилеубековтың төрағалығымен «Медиация институтын жандандыру жұмыстарын жүзеге асыру» мақсатында «Дөңгелек үстел» өткізілді.
Іс-шараға «Бастау» жұмыс тобының мүшелері, яғни Байзақ ауданы әкімінің орынбасары Д.Р.Даулетов, Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің басшысы Н.Т.Нуралиев, Байзақ ауданы әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы С.Б.Иманова, Байзақ ауданы әкімшілігі жастар ресурстық орталығының директоры А.Е.Құрманалиев, Байзақ ауданы әкімшілігі жастар ресурстық орталығының психологі Н.Молдакәрімова, Байзақ аудандық Билер кеңесінің төрағасы М.Болатбеков, Байзақ аудандық медиаторлар қауымдастығының төрайымы Ғ.А.Көшекбаева, Байзақ ауданы бойынша орыс этно-мәдени бірлестігінің жетекшісі Л.А.Горр, медиаторлар және Байзақ аудандық заң кеңесінің басшысы А.С.Сәулебаев қатысты.
Өз сөзінде Е.У.Тилеубеков Қазақстан Республикасы президенті Қ.К.Тоқаевтың 01.09.2020 жылғы Жолдауында айтып өткен медиация институтын жандандыру мәселесі жөнінде айтып өтіп, соңғы кездері медиация рәсімдерін қолдану шаралары бойынша статистика көрсеткіші төмендеуіне назар аударды.
Сөз сөйлеуін қорытындылай келе сот төрағасы «Бастау» жұмыс тобына дауларды бейбіт жолмен реттеуге, дауды сотқа дейін реттеу тәртібін қолдану, отбасылық қатынастарды сауықтыру, отбасын сақтау бойынша жұмыстарын бірлесіп жасауды ұсынды.
«Бастау» жұмыс тобының мүшелері баяндамашының пікірін толық қолдап, әр орган өз бағыты және өз кәсібі бойынша отбасылық дауларды шешудің соттан тыс тәртібі туралы кеңінен хабардар болу үшін кеңестері мен мәлімет беретінін айтты.
Байзақ аудандық сотының баспасөз қызметі