ҚР-ның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2012 жылдың 20-қазанындағы Жарлығымен әділет органдары қызметкерлерінің күнін атап өту белгіленген болатын. Жыл санап аталмыш мерекенің аталып өту кеңістігі кеңеюде. Бұл — құптарлық іс. Шынымен, әр тәулік сайын еліміздің мемлекеттік міндеттемелерді заң жүйесі аясында орындап жүрген әділет органы қызметкерлерінің ісін қиын да жауапкершілігі мол жағдайға баларсың.
Ел егемендік алған сәттен бастап ҚР Әділет министрлігі мен оның аймақ құрылымдары мен бөлімшелері мемлекеттік қызмет жүйесін құқықтық тұрғыдан қамтып, кәсіби біліктіліктерін жоғары дәрежеде дәлелдеп келеді. Еліміздің заңнамалары аясында әділетті қызмет атқарып келе жатырған бұл органның қай салада болсын алар үлесі ұшан-теңіз. Бүгінгі таңда Әділет Депаратменті жергілікті атқарушы органдары мен әкімдіктің нормативтік құқықтық актілерін тіркеу, жылжымайтын мүлік құқықтарына бақылау жүргізу, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуден өткізу, сондай-ақ адвокаттар мен нотариустардың жұмыстарын үйлестіруде тыңдырымды жұмыс атқарып келеді.
Сондықтан да ұлт мәртебесін көтеру, ел абыройын асқақтатып, еліміздің әлеуметтік және экономикалық тұрғыдан алға басуы да көп жағдайда өздеріңіздің жанкешті қызметтеріңіздің жемісіне байланысты.
Сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің арқасында ғана еліміз табысы мол, гүлденген мемлекетке айнала алады.
Осы орайда, Әділет органдары қызметкерлерін кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отыра, ел игілігі жолындағы қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, береке-бірлік, елімізге тыныштық тілеймін!
Отанымыз – Қазақстан Республикасының өсіп-өркендеуі жолындағы қызметтеріңіз жемісті болсын!
Шымкент қаласының Әділет департаментінің басшысы Нұржан Махамбетов Алиханұлы