12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Алматы телекоммуникация және машина жасау колледжіне 80 жыл

Жүйрік уақыттың ұшқыр қанаты Алматы телекоммуникация және машина жасау колледжін сексеннің сеңгіріне де алып жетіпті. Еліміздің өркендеуіне жастарды тәрбиелеу арқылы зор үлес қосып келе жатқан  Алматы телекоммуникация және машина жасау колледжі  сексен жыл бойына білімді,  білгір жұмысшы  азаматтарды тәрбиелеп шығаруда. 80 жасы бар колледжіміздің тарихына үңілсек, 1940 жылы 2 қазанда Кеңес одағының Жоғары Кеңесінің шешімімен Кәсіптік-техникалық білім саласы ретінде жұмыс жасап бастады. Көптеген жұмысшы мамандарды тәрбиелейтін білім ошағы сексен жыл бұрын алғашқы шәкірттерін қабылдаған болатын. Уақыт өте Алматы телекоммуникация және машина жасау колледжі болып аталған оқу орыны білікті маман даярлау жолында бағытынан айныған емес. 

Колледж техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламасын іске асырып, қоғамның жұмысшы мамандар дайындау сұранысына қамтуда .

Алматы телекоммуникация және машина жасау колледжінің директоры Алмасбек Нұғман Нөкербанұлы  колледждің жаһандану үдерісінде бәсекеге қабілетті, білімді де білікті, кәсіби шеберлігі жоғары, ойы ұшқыр, өзіндік ғылыми көзқарасы мен пайым-талғамы биік мамандар тәрбиелеу жолында бар күш-жігерін салауда .

Колледжіміздің ұстаздары жасөспірімдерді қажымай-талмай дәрістеп келе жатыр. Білім нәрімен сусындаған колледж түлектері,  еліміздің өркендеуіне ерен үлестерін қосуда. Ел Тәуелсіздігінің тұғырлы болып,  қазақ елінің өркендеуі жастардың қолында. Ендеше, келешек жастарымыз сапалы білім алып, білікті маман болуға, сондай-ақ инновациялық зерттеулер тұрғысында көптеген жетістіктерге жетулері тиіс.

Жаһандану үдерісінде бәсекеге қабілетті, білімді де білікті, кәсіби шебер, ойы ұшқыр, өзіндік  көзқарасы мен пайым-талағамы биік мамандар тәрбиелеу жолында  оқытушылылар мен шеберлер  бар күш-жігерін салуда.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай, тек шынайы білім ғана толағай табыстарға жеткізбек! Ал шынайы білімге жету үшін білім мен тәрбие қатар жүруі керек. Осыған өз үлестерімізді қосып, аянбай еңбек етсек алынбайтын қамал да болмас.

Қымбатты әріптестер, сексеннің сеңгіріне  жеткен колледжіміздің мерейтойы құтты болсын!

Алдымызда саналы ұрпағымыз көп болсын!

Сутемгенова Джанат Кыдырбаевна, Алматы телекоммуникация және машина жасау колледжінің оқытушысы 

БЕЗ ФОРМАЛИЗМА И ПОД ЖЕСТКИМ КОНТРОЛЕМ

В СВЕТЕ КАТАСТРОФИЧЕСКИХ СОБЫТИЙ, СВЯЗАННЫХ С ВЕСЕННИМИ ПАВОДКАМИ, ПРЕДСТАВИТЕЛИ ПРАВИТЕЛЬСТВА РК ОТМЕЧАЮТ НЕОБХОДИМОСТЬ ТЩАТЕЛЬНОЙ ПОДГОТОВКИ К ПОСЛЕДУЮЩИМ СЕЗОНАМ, В ТОМ ЧИСЛЕ – И К БУДУЩЕМУ ОТОПИТЕЛЬНОМУ СЕЗОНУ.

В РАМКАХ МОДЕРНИЗАЦИИ ШКОЛ

НА РЕСПУБЛИКАНСКОМ СЪЕЗДЕ УЧИТЕЛЕЙ В ОКТЯБРЕ 2023 ГОДА ПРЕЗИДЕНТ...

КАЧЕСТВЕННО И В СРОК

ОДНИМ ИЗ ПРИОРИТЕТОВ НАШЕЙ РЕСПУБЛИКИ ЯВЛЯЕТСЯ РАЗВИТИЕ РЕГИОНОВ, ОСОБЕННО...

ПРОФИЛАКТИКА И ПРОСВЕЩЕНИЕ

В СПЕЦИАЛИЗИРОВАННОМ МЕЖРАЙОННОМ СУДЕ ПО УГОЛОВНЫМ ДЕЛАМ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ...

СИЛА ПОЛИЦИИ – В ДОВЕРИИ НАРОДА

В ЯНВАРЕ ЭТОГО ГОДА ГЛАВА ГОСУДАРСТВА КАСЫМ-ЖОМАРТ ТОКАЕВ ПРОВЕЛ...