12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Нұр-Сұлтанда көпірден секірмек болған жасөспірім видеоға түсіп қалды

Елордада өзін өлтірмек болған жасөспірімді полицейлер құтқарып қалды. Сарайшық көшесіндегі көпірден секіріп өлуге бекінген 16 жастағы қыздың әрекеті полицейлердің бейнетіркеу құралына түсіп қалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Суицидке оқталған бойжеткенді құтқаруға төрт патрульдік полицей бірден кіріскен. Бірі қызды райынан қайтаруға диалог орнатады. Өйткені қыз өзіне ешкімнің жақындамауын айтып айқайлаған. Жасөспірімнің назары басқаға ауғанда, оны сол жақ тұсынан екінші полицей ұстап алды. Ал қалған екі тәртіп сақшысы әріптестеріне көмектесіп, қызды көпірдің арғы бетіне шығарды. 11-сыныптың оқушысы оқиғадан соң, ата-анасымен бірге, мән-жайды түсіндіруге полиция бөліміне жеткізілді. Қазір жасөспіріммен психолог жұмыс істеп жатыр.

«Сол жерден өтіп бара жатқан қала тұрғыны хабарлаған. Сағат 9:46-да. Бес минуттың ішінде полиция қызметкерлері оқиға орнында болды. Алдымен өзінің осы әрекетінен бас тарту туралы полиция қызметкерлерінің ескертуіне қыз құлақ асқан жоқ, сонымен жедел әрекет жасауға көшті. Еш жері жарақаттанған жоқ. Қазір қызбен психологтар жұмыс істеп жатыр», — деді Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Эльмира Шәуленова.

Тәртіп сақшылары 11-сынып оқушысының өзін-өзі өлтіруге оқталуының себептерін айтпады. Айтуларынша, жасөспірім күйзеліске ұшыраған. Мектеп оқушысы қазір үйде. Онымен психологтар жұмыс істейді.

«Полиция патрулі өзін өлтірмек болған қызымды құтқарды. Қызымның өмірін құтқарған полицейлерге, қызметкерлерге көп рахмет», — деді қыздың анасы Гүлжамиля Мақұлбекова.

КОДЕКС СУДЕЙСКОЙ ЭТИКИ

Судьи Республики Казахстан, основываясь на Конституции Республики Казахстан (далее...

Харассмент: за молчаливым барьером

Актуальность данной темы в современном обществе невозможно переоценить. За...

Полиция «Альфард» жүргізушілеріне түсіндірме жүргізді

Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовтың тапсырмасымен жеке...

Жастардың құқықтық санасын, рухын оятып, мәдениетін дамыту керек

Сыбайласқан жемқорлық атты дерттен арылу және жойу жолын жастардың...

«Арсыз, надан» деген сөздер ар-намысты қорлауға жата ма? Адвокат жауабы

Белгілі адвокат Жания Бодау "Арсыз, надан" сөздері ар-намысты қорлауға...