Алғаш рет «конституция» ұғымы (лат. constitutio-орнату) Ежелгі Римде қолданыла бастады. Конституциялар император шығаратын актілер деп аталды. Орта ғасырларда Конституциялар әр түрлі тұлғалардың құқықтары мен еркіндіктері туралы нормативтік актілерді атады. Бұл сөздің қазіргі мағынасында бірінші Конституция — мемлекеттің негізгі заңы ретінде — 1787 жылы қабылданған АҚШ Конституциясы болды.
Бүгін Конституция кез келген ел үшін негізгі заң ретінде қоғамдық қатынастардың барлық спектрі құрылатын құқықтық жүйенің ажырамас бөлігі болып табылады. Әдетте, Конституцияда қоғамдық құрылыс пен мемлекеттік құрылым, мемлекет пен жеке тұлғаның өзара қарым-қатынасы, мемлекеттік органдар құрудың негізгі принциптері айқындалады.
Сонымен, 1995 жылғы 30 тамызда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы қазақстандық қоғам өмір сүретін басты қағидаттар мен идеяларды бейнелейді және мемлекет пен қоғамның барлық институттары – әлеуметтік, экономикалық, саяси, құқықтық негіздерін бекітеді.
Қолданыстағы Конституция адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге, азаматтық қоғамды дамытуға бағытталған, ол мемлекеттік аппараттың жұмыс істеуінің басты мәселелерін толық көлемде реттейді, кемсітушілікке және құқықтардың бұзылуына жол бермей, қоғамның және оның әрбір мүшесінің еркін дамуы үшін барлық алғышарттар жасайды. Қазақстан Республикасының Конституциясы халықаралық аренада қабылданған демократияны, жариялылықты, ашықтықты дамыту принциптерін өзіне алды.
Негізгі заңмен реттелетін мәселелердің үлкен блогы адамның құқықтары мен бостандықтарына арналған. Бұл, ең алдымен, Конституцияның 1-бабында Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылады.
Конституциямен реттелетін ең кең ауқымды мәселелер адам және азамат құқықтарына арналған. Бұл түсінікті, өйткені «Қазақстан Республикасының негізгі құндылықтары адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» болып табылады. Бүгінде мемлекеттің барлық күш-жігері Қазақстан халқы үшін лайықты өмір сүру деңгейін құруға, еліміздің аумағында адам құқықтарының толыққанды іске асырылуын қамтамасыз етуге бағытталған.
Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі.
Әркімнің білікті заң көмегін алуға құқығы бар. Заңда көзделген жағдайларда заң көмегі тегін көрсетіледі.
Түркістан облысының Әділет департаменті жеке және заңды тұлғалардың мемлекет кепілдік берген тегін заң көмегін алу құқығына кепілдігін жүзеге асыру мақсатында бірқатар ұйымдастырушылық-құқықтық іс-шаралар өткізеді.
Ағымдағы жылы 131 адвокатпен тегін заң көмегін көрсету туралы келісім жасалды (жалпы Түркістан облысында 134 адвокат қызмет атқарады).
2020 жылдың 7 айында облыстың адвокаттары 2030 азаматқа тегін заң көмегін көрсетті.
Республикалық бюджеттен адвокаттың қызметін көрсетуге 66 247 000 теңге бөлінді.
Сонымен қатар, әділет департаменті тұрақты негізде адвокаттар мен нотариустардың қатысуымен «Ашық есік күндері», «Әділет кеңес береді» акциясын өткізеді. Акция аясында азаматтарға тегін заңгерлік көмек көрсетіледі, құқықтық кеңестер және қолданыстағы заңанамаға түсіндірмелер беріледі.
Сәуір айынан бастап әділет департаментінің мамандары, адвокаттар, нотариустар және жеке сот орындаушылар азаматтарға құқықтық мәселелер бойынша консультациялық көмек көрсету жөніндегі жұмысты әлеуметтік желілер арқалы он-лайн режимінде жүргізіп жатыр.
Қазіргі уақытта облыс аумағында 132 жеке сот орындаушысы қызмет атқарады.
Жеке сот орындаушысының қызметіне бюджеттен ақы төлеу:
1) борышкерді іздестіруге байланысты үш және одан көп ай берешек болған;
борышкердің тұрақты кірісінің, жұмыс орнының және өндіріп алуды қолдануға болатын мүлкі болмаған кезде алименттерді өндіріп алу туралы;
2) өндіріп алуды қолдануға болатын ақша және мүлкі болмаған кезде жалақыны өндіріп алу туралы істердің әлеуметтік маңызы бар санаттары бойынша жүзеге асырылады.
Жеке сот орындаушысының алименттерді және жалақыны өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар бойынша мәжбүрлеу шараларын қолдануына байланысты қызметіне ақы төлеу бір атқарушылық іс жүргізуге 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленген.
Осы жылдың 7 айында Түркістан облысының әділет департаментіне жеке сот орындаушылардың қызметіне республикалық бюджеттен 24 379 500 теңге бөлінген және оның 7 917 300 теңге игерілген. 131 сот орындаушылардың 190 атқарушылық іс бойынша ақысы төленген.
Сондай-ақ, әділет органдарының зияткерлік меншік құқықтары саласын қамтамасыз ету жөніндегі функциясын атап өту қажет.
Зияткерлік меншік құқықтары саласы — жеке және заңды тұлғаларды зияткерлік меншік саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақталуын қамтамасыз етуді жүзеге асырады. Зияткерлік меншік құқығын қорғау саласында іс-шараларды ұйымдастырады және өткізеді.
Зияткерлік меншік құқығын қорғау саласындағы түсіндіру жұмысын жүргізеді. Халық арасында контрафактілік өнімдерге төзімсіз көзқарастар қалыптастырады. Құқық қорғау органдарымен бірлесіп контрафактілік өнімдерін айқындау мақсатында тексерулер жүргізеді.
Қазіргі таңда, тексерулер санының едәуір төмендеуі байқалады, оның себебі бірінші кезекте Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы №229 «Қазақстан Республикасында тексерулерге және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуге мораторий енгізу туралы» Жарлығының қабылдануымен байланысты, оған сәйкес шағын және микро кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты 3 жылға дейін тексерулер уақытша тоқтатылды.
Мемлекет өз азаматтарының лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету үшін барлық мүмкіндіктерді жасайды. Біз әлеуметтік саланы, атап айтқанда, білім беруді, денсаулық сақтауды дамытуға, қоғамның әлеуметтік қорғалмаған топтарын қолдауға бағытталған көптеген мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуының куәсі болып табыламыз. Бизнесті дамытуды, әкімшілік кедергілерді қысқартуды ынталандыра отырып, мемлекет қосымша жұмыс орындарын ашу, кәсіпкерлік субъектілерінің жұмыс істеуі нәтижесінде мемлекеттің ортақ кірістерін ұлғайту нәтижесінде азаматтардың әл-ауқатын арттыру үшін жағдай жасайды.
Мұхит Тұрғараев,
Түркістан облысы Әділет департаментінің басшысы,
«Қазақстанның заңгерлер одағы» РҚБ ТО филиалының төрағасы