Балаларға базарлық!

Халықаралық балалар күні — әлемнің түкпір-түкпіріндегі балаларға қуаныш сыйлайтын мейрам ғана емес, кішкентай балалардың құқығын қорғап, оларға қамқор болуға, әлімжеттік, қысым жасамауға үндейтін мейрам. Қоғамды кемтар, жетім, тұрмысы нашар отбасынан шыққан балаларды қорғауға, қолдауға шақыратын күн.

Жаздың бірінші күнімен келіп жеткен айтулы мерекеде Жамбыл облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ЖД-158/4 мекемесінің қызметкерлері де қалыс қалған жоқ. Аталған мекеменің сотталғандар еңбегін ұйымдастыру бөлімінің қызметкерлері облыс орталығындағы «Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қорғау орталығына» арнайы барып, түзеу мекемесінде жұмыс істеп жатқан жеке кәсіпкер Бақыткүл Изабекованың атынан 200 бетпердені тарту етті.

Айта кетейік, Бақыткүл Изабекова өткен жылдың қараша айынан бастап ЖД-158/4 мекемесінде жұмыс орнын ашып, бүгінде 13 сотталған азаматты жұмыспен қамтып отыр.

Маржан Сағындықова,
ЖД-158/4 мекемесі сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімшесінің бастығы әділет майоры

Абай облысындағы қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеде сотталғандар арасында волейболдан турнир өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде...

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде Мейірімділік күніне орай кітап көрмесі ұйымдастырылды

Абай облысы бойынша ҚАЖ-дың қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде Мейірімділік...