12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

«ТЕРГЕУГЕ КӨҢІЛІМ ТОЛМАЙДЫ»

АҚТӨБЕДЕ ЖОЛДАСЫ КІСІ ҚОЛЫНАН ҚАЗА ТАПҚАН КЕЛІНШЕК ӘДІЛДІК ІЗДЕЙДІ. АЙТУЫНША, ҚАНЫШЕРЛЕР ҮШ БАЛАНЫҢ ӘКЕСІН СОТСЫЗ ЖАЗАЛАП, АЯУСЫЗ ҰРЫП-СОҒЫП, ОНЫҢ ЖАНСЫЗ ДЕНЕСІН ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ АУРУХАНАСЫНЫҢ АУЛАСЫНА ЛАҚТЫРЫП КЕТІПТІ.

Қанды оқиға қаңтардың 15-іне қараған түні болған. Ақтөбе қаласының тұрғыны Кәмшат Мұсабаева сол күні жолдасымен бірге қонақта болғанын айтады. Алайда түн ортасында марқұмның телефонына белгісіз біреу қоңырау шалып, күйеуі далаға шығып кетеді. Бірақ, ол сол күйі кері оралмаған. 39 жастағы ер адамның денесі ертеңіне мәйітханадан табылған.
Жесір келіншек «жұбайым сотсыз жазалаудың құрбаны болды» деп отыр.
– Жолдасым бұрын-соңды маған ескертпестен, ешқайда кетпейтін. Ал, оқиға болатын күні оған ауылдасы телефон соққан. «Данияр» шаруа қожалығының басшысы Құмар Шумекеев оны бірнеше адаммен бірге
саяжайға апарып, ұрып-соққан. Ол жолдасымды осыдан үш жыл бұрын шаруа қожалығында болған 10 бас жылқының ұрлығына қатысы бар деп айыптаған. Алайда ол бұған дейін ұрлық туралы полицияға шағым түсірмеген. Қолында ешқандай дәлелі болмаса да, күйеуіме қылмыс жасағанын мойындатпақ болған. Оны жылу құбырына байлап қойып, темірмен ұрған.
Соңынан сотталушылар Аслан Мұсабаевтың жансыз денесін жедел жәрдем ауруханасының маңындағы автотұраққа әкеліп тастаған. Ал өздері оқиға орнынан бой тасалап, қашып кетеді. Сотталушылардың бұл әрекеті жедел жәрдем ауруханасының бейнебақылау камерасына да жазылып қалыпты. Сот медициналық сараптама қорытындысы бойынша, соққы салдарынан марқұмның бас сүйегі мен қабырғалары сынып, өкпесі зақымданған. Қазір бұл іске қатысы бар деген күдікпен екі адам қамауда отыр. Қайғыдан қан жұтқан жесір келіншек кінәлілер жеңіл жазамен құтылып кете ме деп қауіптенеді. Өйткені, алғашында олардың үстінен Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігімен (Адам өлтіру, алдын-ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған) қылмыстық іс қозғалған. Алайда кейін күтпеген жерден бұл іс басқа бапқа ауыстырылған көрінеді.
– Қазір оларға Қылмыстық кодекстің 106-бабының 3-бөлігі (Абайсызда адам өліміне әкеп соққан, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша айып тағылып отыр. Мен мұнымен келіспеймін. Өйткені, айыпталушылар қылмысқа алдын ала дайындалған. Қазір бұл іс бойынша менен бөлек тағы екі адам жәбірленуші болып танылды. Оларды да ұрып-соғып, мал ұрлығына қатысы бар екенін мойындатқан. Біреуін әдейілеп Орал қаласынан көлікпен әкелген. Ал, менің жолдасымды мойындамағаны үшін аямай, ұрып-соққан. Айыпталушылар күйеуімді тірі қалдырғысы келсе, ауруханаға апарар еді ғой?! Оның жансыз денесін көлік тұрағына тастап, қашып кетпес еді?! Осы істі ұйымдастырған Шумекеев жеңіл жазамен құтылып кете ме деп қорқамын. Өйткені, ол бұрын сотталмаған. Сот-медициналық сараптама қорытындысы бойынша, күйеуімнің аяқ-қолында көптеген пышақпен кесіп-тесілген жарақаттар болған. Алайда, тергеушінің қаулысында бұл туралы айтылмаған. Тергеуге көңілім толмайды. Шағым түсіруге мүмкіндігіміз де болмады. Іс бірден сотқа жолданды, – дейді ол.
Облыстық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, сот отырысы онлайн режимінде өтпек. Қылмыстық істі Ақтөбе қаласының №2 сотының судьясы Гүлнар Тілепова қарайды. Жалғыз асыраушысынан айырылған Кәмшат Мұсабаева соттың әділ шешім шығаратынына сенімді. – Қазір үйден шығуға да қорқамын. Өйткені, күйеуімді өлтіргендердің бірі қашып кеткен. Үш айдан бері іздеуде жүр. Ал, екіншісі қылмысты хабарламағаны үшін үй қамағына жіберілген. Тек Құмар Шумекеев пен Сәкен Айтпаев қана қамауда. Бірінің туысы кешірім
сұрап, ақша да ұсынды. «Өлетін адам өлді ғой» дейді. Келіскен жоқпын. Өйткені, олардың заң жүзінде әділ жазасын алғанын қалаймын. Жолдасымның жеке кәсібі болған, ет сатумен айналысатын. Олар мені жалғыз
асыраушымнан айырды, – дейді Кәмшат Мұсабаева.
Айта кетелік, марқұмның артында кәмелетке толмаған үш баласы қалды. Әділдік іздеген келіншек жанайқайын айтып, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Бас Прокурор Ғизат Нұрдәулетовке Ашықхат
жолдады.
Жансая ЕСМАҒАМБЕТОВА

[ratings]

КОДЕКС СУДЕЙСКОЙ ЭТИКИ

Судьи Республики Казахстан, основываясь на Конституции Республики Казахстан (далее...

Харассмент: за молчаливым барьером

Актуальность данной темы в современном обществе невозможно переоценить. За...

Полиция «Альфард» жүргізушілеріне түсіндірме жүргізді

Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовтың тапсырмасымен жеке...

Жастардың құқықтық санасын, рухын оятып, мәдениетін дамыту керек

Сыбайласқан жемқорлық атты дерттен арылу және жойу жолын жастардың...

«Арсыз, надан» деген сөздер ар-намысты қорлауға жата ма? Адвокат жауабы

Белгілі адвокат Жания Бодау "Арсыз, надан" сөздері ар-намысты қорлауға...