12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Заң технологиясы деген не және оны дамыту не үшін маңызды?

«Астана» халықаралық қаржы орталығы жанынан Заң технологиясын дамыту бойынша консультативті кеңес құрылды.

Мамырдың 12-сі күні «Астана» халықаралық қаржы орталығының Басқарушысы Қайрат Келімбетовтың қатысуымен қаржы орталығы жанынан құрылған Заң технологиясын дамыту бойынша консультативті кеңесінің бірінші отырысы өтті. Шараға АҚШ, Нидерланды, Сингапур, Ұлыбритания мен Швейцариядан консультативті кеңес құрамына енген құқық пен заң технологиясы саласындағы беделді сарапшылар қатысты.

АХҚО жанынан құрылып отырған Консультативті кеңес орталықтағы заң технологиясының экожүйесін дамытуды мақсат етеді. Кеңестің құрылуы заң қызметтерінің тиімділігі мен сапасын арттырып, барынша қолжетімді етеді. Сонымен қатар, заң технологиясы саласында АХҚО мен мүдделі топтардың арасында ынтымақтастықты дамытып, заң технологиясына арналған әлемдік деңгейдегі нормативті құқықтық базаны дайындау бойынша ұсыныстар әзірлейді.

«Жаңа технологиялардың жедел дамып, адамдардың өміріне үлкен ықпалын тигізіп отырғаны күмәнсіз. Бұл заң технологияларына да қатысты. Құқықтың осы әлеуеті жоғары саласындағы мүмкіндіктерді қарастырып, өңірлік өнімдерімізді дайындаймыз деп үміттенеміз», – дейді «АХҚО Әкімшілігі» АҚ Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары Марат Әйтенов.

Өз кезегінде Заң технологиясын дамыту бойынша Консультативті кеңестің Төрағасы Марк Бир осы саладағы Қазақстанның әлеуетіне тоқталды. «Заң технологиясы 2014 жылдан бері жоғары қарқынмен дамып келе жатыр және бүгінге дейін осы салаға 13 млрд доллар инвестиция салынды. Инвесторлар тарапынан заң технологияларына қызығушылықтың жоғарылығы АХҚО үшін үлкен мүмкіндіктер ұсынады», – деді Заң технологиясын дамыту бойынша Консультативті кеңестің Төрағасы Марк Бир.

Жалпы, заң технологиясы құқықтық қатынастарды автоматтандыруға және кәсіби заңгерлер мен соттың жұмысын жеңілдетуге бағытталған жаңа технологияның бір түрі. 2000 жылдардың басында пайда болған жаңа сала негізінен аймақтың деңгейде ғана даму үстінде. Ешбір компания немесе стартаптың әлемдік деңгейге көтерілмеу себебін сарапшылар әр мемлекеттегі заңнаманың әртүрлі болуымен де байланыстырады.

Заң технологиясын дамыту осы саладағы мамандардың жұмысын оңтайландырып, уақыты мен өзге де ресурстарын үнемдеуге жол ашады. Жұмыстың автоматтандырылыуы да адами факторды азайтуға мүмкіндік ұсынбақ. Технологияны жетілдіру арқылы алдағы сот ісінде қандай шешім қабылданатынын болжауға және өз кезегінде сотта барынша әділ шешім қабылдануына мүмкіндік бар. Сонымен қатар, дау-дамайды шешуде баламалы әдістердің қолданылуы, алда болуы мүмкін келіспеушіліктердің алдын алу және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға да заң технологияларын жетілдіру арқылы қол жеткіуге болады.

КОДЕКС СУДЕЙСКОЙ ЭТИКИ

Судьи Республики Казахстан, основываясь на Конституции Республики Казахстан (далее...

Харассмент: за молчаливым барьером

Актуальность данной темы в современном обществе невозможно переоценить. За...

Полиция «Альфард» жүргізушілеріне түсіндірме жүргізді

Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовтың тапсырмасымен жеке...

Жастардың құқықтық санасын, рухын оятып, мәдениетін дамыту керек

Сыбайласқан жемқорлық атты дерттен арылу және жойу жолын жастардың...

«Арсыз, надан» деген сөздер ар-намысты қорлауға жата ма? Адвокат жауабы

Белгілі адвокат Жания Бодау "Арсыз, надан" сөздері ар-намысты қорлауға...