spot_img
spot_img

МҮГЕДЕКТЕР ҚҰҚЫҒЫ ҚАЛАЙ ҚОРҒАЛАДЫ?

Мемлекеттің басты құндылығы саналатын адам құқығы туралы сөз болған кезде мүмкіндігі шектеулі жандар еске түседі. Алайда, еліміз БҰҰның арнайы конвенциясына қол қойғанымен, онда сөз болған көп жағдайлар әлі де өзектілігін жоймай отыр. Бұл туралы сарапшылардың ойы қандай?

Қанат ЖҰМАБАЙ, Халықаралық адам құқығын қорғау комитетінің Қазақстандағы өкілдігі төрағасының
орынбасары:
– Мүгедектердің құқықтары дегенде бірден олардың материалдық, тұрмыстық жағдайы еске түседі. Мемлекет
тарапынан мүгедектерге көмек көп жағдайда жәрдемақы беру мен зейнетақы тағайындаумен ғана шектеледі. Баспана беру жолдары нақты шешілмеген. Заңында мүгедектер жергілікті әкімшілік тарапынан есепке қойылады, тұрғынжай беріледі дегенмен, бұл норма кемтарлар үшін кепілдік болып табылмайды. Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы 2005 жылғы 13 сәуірдегі №39 ҚР заңында шикіліктер аз емес. Ондағы мүгедектердi тұрғын үймен қамтамасыз ету туралы 26-бапта: «Жергiлiктi атқарушы органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен:1) тұрғын үйге мұқтаж мүгедектердi есепке қояды және олардың пайдалануына тұрғынжай бередi; 2) мүгедектерге немесе құрамында мүгедектер бар отбасыларға берiлетiн тұрғын үй-жайларды арнайы құралдармен және жабдықпен жабдықтауды қамтамасыз етедi» деп көрсетілген. Парламентке ұсыныс: І немесе ІІ топтағы мүгедектікке
шалдыққан адамды, үй-жайы жоқ болса 30 күн ішінде арнайы есепке алып, үй-жаймен қамтып, оларды психологиялық жағынан да қолдау қажет. Және үймен қамтамасыз ету заңда көрсетілген жергілікті әкімшілік бюджеті тарапынан емес, республикалық бюджет есебінен шешілуі тиіс. Бұл ойдың төркіні, жергілікті әкімдік бюджетте үй сатып алатын ақша жоқ деген сылтаумен мүгедектерді үймен қамтамасыз ету жағдайының шешілуін созбалаңға салады.
Мүгедектер өздерін қоғамдық қатынастардың толыққанды мүшесі ретінде сезіну үшін оларға көшеде жүруі, үйге кіруі үшін пандус жолын жасаумен немесе зейнетақы тағайындаумен ғана шектелмей, өмірге ынталандыру үшін кәсіппен айналысуына, білім алуына, спортпен шұғылдануына, емханада емделуіне мемлекетпен кепілдендіріліп, қолдарына арнайы карта берілуі тиіс. Заң нормаларында мүгедектер статусы туралы арнайы жеңілдіктер нақты бекітілуі керек.

Захира БЕГАЛИЕВА, «Ерекше Таңдау-Шелек» КҚ бағдарламалық директоры, ҚР Білім және ғылым
министрінің кеңесшісі:
– Біздің елде 690 мыңнан астам мүгедек адам бар. Олардың құқын қорғау бағытында үкімет тарапынан түрлі
заңнамалар қабылданған. Алайда, атқарылып жатқан іс-шараларға барлық адамның көңілі тола бермейді. Бұл коронавирус індетінің таралуына байланысты жарияланған төтенше жағдай кезінде де айқын аңғарылды. Мүгедектігі бар көптеген адамдардың цифрландырудан сауаттылығы әлі де нашар. Электронды үкіметті жасамас бұрын жаңашылдыққа ең алдымен адамдарды үйрету ке- рек еді. Сондықтан, халықтың оған көңілі толып отырған жоқ. Әрине мүгедектердің барлық салада түрлі қоғамдық ұйымдары бар. Алайда инфрақұрылымдық қолжетімділік барлық жерде бірдей емес. Енді шалғай аудандарға да көбірек көңіл аудару қажет деп ойлаймын. Менің пікірімше, ең алдымен мүміндігі шектеулі жандарға деген қоғамның көзқарасын өзгерту керек. Бізді көп жағдайда бейшара деп мүсіркейді. Егер қолайлы жағдай жасалса мүгедектер де өз жұмысын жасап, елге пайдасын тигізер еді. Ешкімге алақан жаймауы үшін кемтарларды жұмыспен қамту мәселесі де өзекті болып отыр. Мен өзім мүгедектігі бар балалармен жұмыс жасағандықтан ІТ саласын меңгеріп жатырмыз. Республикадағы ең талантты балаларға инклюзивті лагерь ұйымдастырып, үйде отырып-ақ ақша табуға болатынын үйретіп, кәсіп меңгерсе ешкімге тәуелді болмайтынын ұғындырамыз. Ең үздік жобаларын жүзеге асыруы үшін жүлде немесе шағын грант береміз. Әрине оның көлемі шағын болғандықтан стартап бола қоймайды. Сондықтан, фрилансерлікке үйретіп, сайт, СММ, ролик жасауды меңгертуге тырысамыз. Ал, қазіргі таңда біз аса мұқтаж 65 адамға азық-түлік себетін тараттық. Енді 1-2 күнде тағы 120 адамға бергелі отырмыз. Олардың арасында мүгедектер ғана емес, көп балалы аналар мен мүгедек балаларды асырап жатқан ата-аналар да бар. Оның бәрін демеушілер мен донорлар көмегі арқылы жүзеге асырып отырмыз. Адам болған соң бір-бірімізге көңіл бөліп, қолдауымыз керек. Бірақ, масылдыққа да үйретпеген жөн. Ең алдымен кәсіпке баулып, аяғынан тік тұрып кетуіне жағдай жасаған дұрыс деп ойлаймын. Көмек жасай берсең, елдің бәрі оңай дүниені қиындықсыз ала берсем дейді. Сондықтан, мүмкіндігі шектеулі жандарды азын-аулақ ақшамен алдарқатқаннан, өз бетінше табыс табуына жағдай жасау маңызды болып отыр.

Сауалнаманы дайындаған Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ, «Заң газеті»

[ratings]

КОДЕКС СУДЕЙСКОЙ ЭТИКИ

Судьи Республики Казахстан, основываясь на Конституции Республики Казахстан (далее...

Харассмент: за молчаливым барьером

Актуальность данной темы в современном обществе невозможно переоценить. За...

Полиция «Альфард» жүргізушілеріне түсіндірме жүргізді

Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовтың тапсырмасымен жеке...

Жастардың құқықтық санасын, рухын оятып, мәдениетін дамыту керек

Сыбайласқан жемқорлық атты дерттен арылу және жойу жолын жастардың...

«Арсыз, надан» деген сөздер ар-намысты қорлауға жата ма? Адвокат жауабы

Белгілі адвокат Жания Бодау "Арсыз, надан" сөздері ар-намысты қорлауға...