Телеграм мессенджерінде «42500» әлеуметтік төлемді алуға өтінім беруге арналған жалған боттардың пайда болғанын бұрын да хабарлаған едік. Жалған боттар азаматтарға бірыңғай жиынтық төлемді (БЖТ) және басқа да төлемдерді төлеу үшін банк шотын ұсынады. Ресми боттар ешқандай банк шотын ұсынбайды.
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мұндай телеграм-боттардың жалған екенін және оларға алданып қалмауыңызды ресми түрде ескертеді.
Сіздерді 42500 тг. жәрдемақыға өтінімді төменде көрсетілген ресми боттар арқылы берулеріңізді сұраймыз. Бұл боттар тек өтінім қабылдайды және қандай да бір шотқа төлем төлеуді ұсынбайды.
Ресми боттардың тізімі: 1. https://t.me/Help42500Bot 2. https://t.me/NurSultan42500Bot 3. https://t.me/Almaty42500Bot 4. https://t.me/Shymkent42500Bot 5. https://t.me/JambylObl42500Bot 6. https://t.me/Kostanai42500Bot 7. https://t.me/Karagandy42500Bot 8. https://t.me/Atyrau42500Bot 9. https://t.me/Turkistan42500Bot 10. https://t.me/Aqtobe42500Bot 11. https://t.me/Pavlodar42500Bot 12. https://t.me/Mangystau42500Bot 13. https://t.me/ZKO42500Bot 14. https://t.me/Qyzylorda42500Bot 15. https://t.me/SKO42500Bot 16. https://t.me/VKO42500Bot 17. https://t.me/AlmaObl42500Bot 18. https://t.me/Akmol42500Bot
Сондай-ақ, egov.kz және 42500.enbek.kz. сайттары арқылы да өтінім бере аласыз.