12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

МҮГЕДЕКТЕР ҚҰҚЫҒЫН ШЕКТЕУГЕ ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ

ЕЛІМІЗДЕ МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫ ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛҒАН. МҮГЕДЕКТЕР ОСЫ ЕЛДІҢ ТОЛЫҚҚАНДЫ АЗАМАТЫ РЕТІНДЕ ҚОҒАМДЫҚ ОРТАДА ӨЗІН ЕРКІН СЕЗІНУІ ТИІС. БҰЛ РЕТТЕ ОЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒЫНАН ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕСІН МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТТЫҢ МАҢЫЗДЫ БІР ТАРМАҒЫ ДЕУГЕ БОЛАДЫ.

Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқығы ҚР Конституциясымен, «ҚР Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» заңымен және басқа да нормативтік құқықтық актілермен реттеледі. Осы ретте, біз «мүгедектер неге құқылы? Оларға көрсетілетін әлеуметтік көмек түрлері қандай? Олардың жұмыспен қамтылу мәселесі қалай шешілді?»
деген сауалдарға заң тілімен жауап беруді жөн көріп отырмыз. Бірінші кезекте мүгедектің заңмен айшықталған басты құқықтарына тоқталып өтелік. Атап айтқанда, мүгедектер әлеуметтік қорғалуға, соның ішінде сауықтыру, қоғамға бейімделу шараларынан тыс қалмауы керек. Сондай-ақ, әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына еш кедергісіз кіріп, қажетті ақпаратты алуға құқылы. Ол үшін тиісті орындар мүмкіндігі шектеулі
азаматтардың жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасауы керек. Әрине білім алуда, қызмет түрін еркін таңдауда, соның ішінде еңбекке байланысты сұрақтары да заң аясында шешілген. Қазақстан Республикасының
заңнамасымен анықталатын тәртіпте тегін медициналық көмектің кепілденген көлеміне ие болудың, кәсіби дайындық және қайта дайындау, еңбекке жарамдылығын қалпына келтіру және жұмысқа орналасудың да құқықтық тетіктері бар. ҚР Тұрғын үй заңнамасына сәйкес үй алуда басымдық берілген. Сол сияқты оларға мемлекеттік және басқа да ұйымдарда, соның ішінде денсаулық сақтау, мәдениет, байланыс, көлік, қызмет саласында бірінші кезекте қызмет көрсетіледі. Тағы бір астын сызып айта кетерлігі, елімізде мүгедектердің шығармашылық мүмкіндіктерін қолдау саясаты жақсы жолға қойылған. Енді мүгедектерге көрсетілетін
әлеуметтік көмек түрлеріне тоқталайық. Олар мемлекеттік жәрдемақы, өтемақы және басқа да төлемдер алуға құқылы. Бұл тізімге жергілікті атқарушы органдармен көрсетілетін қосымша әлеуметтік төлемдер мен жұмыс берушілердің көрсететін қосымша әлеуметтік көмек түрлерін де қосыңыз. Ал, мүгедектерді тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесіне келсек, әдетте бұл жергілікті атқарушы органдар арқылы жүзеге асады. Жұмыспен қамтуға қатысты сұрақтар да жергілікті атқарушы органдардың көмегімен шешіледі. Ол үшін атқарушы билік қызмет орындарының жалпы санының үш пайызы мөлшерінде мүгедектерге жұмыс орындарынан квота бекітеді. Сол сияқты, жеке кәсіпкерлікті, шағын және орта бизнесті дамыту арқылы мүгедектер үшін қосымша жұмыс орындарын, мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құру, мүгедектерді кәсіби оқыту сынды шараларды ұйымдастыруға болады.
Заң бойынша бiрiншi және екiншi топтардағы мүгедектер үшiн аптасына отыз алты сағаттан аспайтын
жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгiленедi. Сондай-ақ, ұзақтығы кемінде күнтізбелік алты күн болатын жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалысы берiледi. Түнгі уақыттағы жұмысқа тек мүгедек адамның келісімімен, егер оның денсаулығына мұндай режимге тыйым салынбаса ғана жол
беріледі. Сол секілді, еліміздің еңбек қатынастарын реттейтін заңнамаға сәйкес, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың келісімінсіз олармен еңбек келісімшартын жасау, қызметте өсіруден бас тарту, басқа жұмысқа
ауыстыру секілді шешімдерге жол берілмейді. Егер халықты әлеуметтік қорғау саласындағы облыстағы
өкілетті органның аймақтық бөлімшелерінің қорытындысы бойынша оның денсаулығы кәсіби міндеттерді
атқаруға келмесе, денсаулығына қауіп келсе және өзге тұлғалардың еңбек қауіпсіздігіне қайшы келсе жоғарыда аталған шараларды іске асыруға рұқсат етіледі. Тағы бір қаперге түйіп алатын дүние, бірінші және екінші топтағы мүгедектер мен мүгедек балаларға 0,5 пайыздық кәсіби және жоғары білім алуларына квота қарастырылған. Жоғары оқу орындарында, мемлекеттік тапсырыс пен мемлекеттік грант бойынша оқып жатқан мүгедектерге стипендия қамтамасыз етуде жеңілдіктер бар.
К.ЫСҚАҚОВА,
«Заң газеті»

[ratings]

Дом, где возвращают надежды

Региональный филиал Общественного Фонда «АНА ҮЙІ» в городе Шымкенте...

Новый завод – новые возможности

Открытие завода по производству керамогранита стало важным событием для...

Бесплатный сыр бывает в мышеловке

Финансовые пирамиды остаются одной из наиболее распространенных форм мошенничества....

Международная интеграция юридического образования

Недавно в Шанхайском университете политики и права состоялся XI...

Под лежачий камень…

Многие наверняка помнят выступление Главы государства в феврале этого...