12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Әлеуметтік маңыздағы 19 тауардың 17-сі Алматы облысында өндіріледі

Президенттің тапсырмасына сәйкес әлеуметтік маңызды тауарлардың бағасын тұрақтандыру, азық-түлік қауіпсіздігі мәселесі бүгін облыс әкімі Амандық Баталовтың төрағалығымен өткен селекторлық жиында талқыланды.

Әлеуметтік маңызды тауарлардың бағасын тұрақтандыру бағытында қабылданған шаралар туралы облыс әкімінің орынбасары Серік Тұрдалиев айтып берді.

С.Тұрдалиевтің айтуынша, аудан, қала әкімдерінің тапсырмасына сәйкес тұрақтандыру қорында 2226 тонна түрлі азық-түлік тауарлары дайындалған. Оның 912 тоннасы қазіргі кезде жергілікті жерлерге жеткізілген. Бұл өз кезегінде облыстың өңірлерінде әлеуметтік маңызды тауарларындың бағасын төмендетуге мүмкіндік берді.

А.Баталов өз сөзінде қолға алынған шаралардың нәтижесінде бағаны тұрақтандыруда оң қозғалыс барын атап өтті. Дегенмен жүргізілген талдау қорытындыларына қарағанда, әлеуметтік маңыздағы азық-түліктердің кейбір түрлері Ескелді, Панфилов, Ұйғыр аудандарында көтеріңкі қалыпта қалған. Осы аудандардың әкімдеріне жақын күндері жағдайды тұрақтандыру туралы қатаң ескертілді.

Нәтижелі шараның тағы бірі – облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес «Жетісу» ӘКК атқарған жұмыс.

«Жетісу» ӘКК басшысы Талғат Малыбаевтың айтуынша, әлеуметтік маңызды азық-түліктің тізіміне 19 түрлі тауар кіреді, соның 17-сі біздің облыста өндіріледі. Олардың бағасын ұстап тұру үшін «Жетісу» ӘКК облыстағы ірі сауда нүктелерімен және ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен келісімшарт жасасып, соның негізінде кәсіпкерлер банк кепілдігіне айналым қаражатын ала алады. Есесіне олар халықты әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларымен қамтып, бағаны ырықтандырып ұстап тұруға тиіс. Келісімшарт бұзылған жағдайда сауда нүктелері де, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері де салынған қаржыны қайтарулары тиіс. Бүгінгі күні осы мақсатқа облыс бюджетінен 1 млрд. теңге бөлінді. Амандық Баталов қажет болған жағдада қосымша тағы 1 млрд. теңге бөлінетінін айтты.

— Алматы облысы – негізінен аграрлық өңір. Сондықтан біз облысты барлық қажетті азықпен қамтамасыз етіп, қосымша қор жинақтауымыз керек. Яғни бұрынғыдан да көп жұмыс істеуге тиіспіз. Көктемгі дала жұмыстарының барлығы өз мерзімінде жүргізіліп, ешқай жерде босаңсуға жол берілмеуі керек. Ол үшін бізде барлық жағдай бар, қажетті көмек көрсетіліп келеді. Аудан, қала әкімдері, тиісті басқарма басшылары көктемгі дала жұмыстарын ерекше бақылауға алсын. Қант зауыттарын 600 мың тоннадай қызылшамен қамтамасыз етуіміз керек. Ал жүгерінің алқабын 82 мың гектарға жеткізуді міндеттеймін. Заманға сай агротехнологияны қолдана отырып, өнімділікті арттыруға тиіспіз, — деді облыс әкімі.

Әзербайжан астанасында Алматы облысының күндері өтуде

Баку тұрғындары мен қонақтары Алматы облысының мәдениеті мен табиғи...

Жетісу облысында 11 жастар ресурстық орталығы жұмыс істейді

Жетісу облысында жастармен, соның ішінде NEET санатындағы жастармен жұмыс...

Қайырымдылық – жүректен: Ұзынағаш тұрғындары «Мектепке жол» акциясына белсене қатысуда

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» дейді қазақ. Жоқ-жітікке қарасу,...

Алматы облысында «Ассамблея жастарының» республикалық слеті өтті

Еліміздің әр аймағынан жиналған белсенділер өңірдің көрікті мекендерін аралап,...

Жетісу облысында көпбалалы аналарға арналған алғашқы тігін цехы ашылды

Бүгін Жетісу облысының Текелі қаласында әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының...