12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Алматы облысына 109,2 млрд. теңге бөлінді, енді өңір Жұмыспен қамтудың жол картасын жүзеге асыра бастайды

Алматы облысына Жұмыспен қамтудың жол картасын жүзеге асыруға республикалық бюджеттен 109,2 млрд. теңге бөлінді. Осы қаржыға 1240 жоба жүзеге асырылып, онда 27,3 мың жұмыс орнын құру жоспарланған. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Амандық Баталовтың төрағалығымен өткен селекторлық жиында айтылды, — деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Жиынды ашқан облыс әкімі А. Баталов:

— Өздеріңіз білесіздер, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комиссияның 23 наурыздағы отырысында Жұмыспен қамтудың жол картасын жүзеге асыруды тапсырып, оған 1 трлн. теңге бөлінетінін айтты. Соның ішінде Алматы облысына 109,2 млрд. теңге бөлінді. Бұл біздің аймақ үшін аса маңызды әрі қажет қаражат. Осыған байланысты бұл қаражатты қайда бағыттау керектігін нақты шешуіміз керек. Қомақты соманың не үшін, қандай мақсатпен бөлінгенін түсінсін, ұғынсын деп бүгін сіздерді арнайы шақырып отырмын. Біз ең алдымен халықты жұмыспен қамту мәселесіне назар аударуымыз керек. Себебі облыстың көптеген тұрғындары коронавирусқа байланысты жұмыссыз қалды. Олардың отбасына жағдай жасап, жаңа жұмыс орындарын ашуымыз керек. Осыншама қаржының бірден тұтас бөлінуі бүгінге дейін мен жұмыс жасаған кезеңдерде болып көрмепті. Сондықтан оны тиісті салаларға бағыттауға сапалы да жауапты қарауымыз керек. Бірінші кезекте қаржыны есеп беру жиындарында, азаматтарды жеке қабылдауларда облыстың аудан, қалаларының тұрғындары тарапынан көтерілген мәселелерге бөлетін боламыз. Тұрғындардың барлық өтініштеріне талдау жасап, бөлінген қаржыны маңызды әрі қажетті жобаларды жүзеге асыруға бағыттауға тиіспіз. Соның ішінде жолдарды жөндеу, нысандарды қалпына келтіру және т.б. мәселелер бар, — деді Амандық Баталов.

Облыс әкімінің орынбасары Батыржан Байжұмановтың айтуынша, жалпы облыста «Жұмыспен қамтудың жол картасы» 4 бағыт бойынша жүзеге асырылады. Бірінші бағытта әлеуметтік нысандардың күрделі жөндеуі мен жаңғырту жұмыстары жүргізіледі. Мәселен, тек білім саласының өзінде 88 нысан күрделі және ағымдағы жөндеуді қажет етеді, ал 351 мектептің сырттағы дәретханаларын жою қажет. Жалпы әлеуметтік-мәдени салада 31,8 млрд. теңгеге 491 жоба жүзеге асырылады. Екіншіден, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы нысандарын күрделі жөндеу және қайта жаңғырту. Бұл бағыт бойынша 79 нысанға 20 млрд. теңге қарастырылып, 5 мыңға жуық жұмыс орны құрылады деп жоспарланған. Үшінші бағыт – инженерлік-көліктік инфрақұрылымның күрделі, орта және ағымдағы жөндеуі. Мұнда 547 нысанға 34 млрд. теңге қарастырылып, 8500 жұмыс орны құрылады деп жоспарланған. Төртінші бағыт – елді мекендерді абаттандыру. Барлығы 153 нысанға 17 млрд. теңге қарастырылады. Сонымен қатар ирригациялық жүйелерді жаңғырту бағытындағы 7 жобаны жүзеге асыруға 6,2 млрд. теңге қарастырылған. 73,0 мың га суармалы жер айналымға қосылады.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясындағы жобаларды жүзеге асыру барысында инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылып жатқан облыстың аудан, қалаларында аудан, қала әкімдері, жоба әкімшілері қайта құрылатын жұмыс орындарының 50 процентін немесе 13 653 жұмыс орнын жұмыспен қамту орталықтарының бағыттары бойынша қамтамасыз етуі тиіс екенін атап өткен жөн. Оған қоса инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға қарастырылған қаржының жалпы көлемінің кемінде 90 проценті отандық өндірушілерден тауарлар, жұмыстар мен қызметтер сатып алуға жұмсалуы қажет.

Сонымен бірге облыста жұмыспен қамту мәселесі жөнінде жұмыс тобы құрылады, оның құрамына өңірлік кәсіпкерлер палатасы мен аймақтық кәсіптік одақтар бірлестіктерінің мүшелері кіреді. Бұл ретте бұған дейін Алматы қаласында жұмыс істеп, қазір карантинге байланысты өңірге қайтып келген облыс тұрғындарын жұмыспен қамтуға ерекше назар аударылады.

— Қабылданған шаралардың нәтижесінде облыста мыңдаған жұмыс орны құрылады, жұмыссыздық деңгейі төмендейді, жалпы облыстың инфрақұрылымы жақсарады. Бөлінген қаржының есебінен біз жылдар бойы шешілмеген көптеген проблеманы шеше аламыз. Аудан, қала әкімдері қаншалықты іскер екенін, халықтың мәселелерін қаншалықты білетінін және оны қалай жедел шеше алатынын көрсетуі тиіс. Ол үшін бізде барлық жағдай бар, жалпы істің нәтижелі болуы біздің жеделдігіміз бен жинақылығымызға тікелей байланысты, — деп қорытындылады сөзін А. Баталов.

Қуаныш Ермекова

Әзербайжан астанасында Алматы облысының күндері өтуде

Баку тұрғындары мен қонақтары Алматы облысының мәдениеті мен табиғи...

Жетісу облысында 11 жастар ресурстық орталығы жұмыс істейді

Жетісу облысында жастармен, соның ішінде NEET санатындағы жастармен жұмыс...

Қайырымдылық – жүректен: Ұзынағаш тұрғындары «Мектепке жол» акциясына белсене қатысуда

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» дейді қазақ. Жоқ-жітікке қарасу,...

Алматы облысында «Ассамблея жастарының» республикалық слеті өтті

Еліміздің әр аймағынан жиналған белсенділер өңірдің көрікті мекендерін аралап,...

Жетісу облысында көпбалалы аналарға арналған алғашқы тігін цехы ашылды

Бүгін Жетісу облысының Текелі қаласында әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының...