12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

АЛЛО, 112! ШҰҒЫЛ ҚЫЗМЕТТЕР БІР ОРТАЛЫҚҚА БІРІКТІРІЛМЕК

ЕЛІМІЗДЕ ПОЛИЦИЯ, ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ, ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ЖӘНЕ ӨРТ БОЙЫНША ШҰҒЫЛ ҚЫЗМЕТТЕР «БІР ТЕРЕЗЕ» ҚАҒИДАТЫ БОЙЫНША БІРІКТІРІЛІП, ЖЕРГІЛІКТІ АТҚАРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ҚҰЗЫРЫНА БЕРІЛУІ МҮМКІН. ОЛАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІ АЛДАҒЫ УАҚЫТТА 112 ДИСПЕТЧЕРЛІК ОРТАЛЫҒЫ ТАРАПЫНАН ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛМАҚ. БҰЛ ЖӨНІНДЕ ОСЫ ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ЖАЛПЫ ОТЫРЫСЫНДА «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КЕЙБІР ЗАҢНАМАЛЫҚ АКТІЛЕРІНЕ ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ РЕТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР ЕНГІЗУ ТУРАЛЫ» ЗАҢ ЖОБАСЫН БІРІНШІ ОҚЫЛЫМДА ҚАРАУ КЕЗІНДЕ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ.
Құжатты депутаттар алдында қорғаған Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиевтің айтуынша, бұл дамыған елдердің тәжірибесі негізінде қабылданған шешім. Мәселен, Америка құрама штаттарында 911 желілік нөмірі аясында барлық шұғыл қызметтер бір орталықтан көрсетіледі екен. Соның арқасында халық қиындық көрмейді. Әрине, дәл Америкадағыдай болып жатса бұл қадам қалай құпталмас? Алайда, министр мырзаның депутат Артур Платоновтың біріктірілетін қызметтің қалай үйлестірілетіндігі, оған жергілікті органдардың дайындық деңгейі жөніндегі сауалына берген жауабынан түйгеніміз, шұғыл қызметтер сапасы бойынша аталмыш алпауыт елге жету тұрмақ, қазіргі жағдайымызға зар болып қалатын сияқтымыз. Рас, еліміздің бес облы­сында біріктірілетін шұғыл қызмет бойынша серпінді жоба іске асырылған екен. Бірақ, олар бірыңғай орталық аясында емес, әр сала бойынша қолданысқа енгізіліпті. Мәселен, бірінде денсаулық сақтау саласы бойынша, енді бірінде ішкі істер департаменті аясында, ал, тағы бірінде әкімшіліктің ситуациялық қызметі шеңберінде сынақтан өткен. Ең өкініштісі, олардың қалай жұмыс істегені туралы сараптама, талдау жоқ. Мұны естіген Нұрлан Нығматулин ортадан киіп кетіп, министрдің біраз «шаңын қақты». Ол бұл ретте қазіргі таңда аталмыш қызметтерді салалық құзырлы орындар үйлестіріп отырғанын, егер біріккен жағдайда, олардың ешбір қадағалаусыз қалатынын, ал, бұл мәселе заң жобасын жасаушылардың назарынан тыс қалғанын айтып, тулады.
Сөйтіп, ақыры бұл қызметтің арнайы бір орталық тарапынан үйлестірілуі, сонымен қатар олардың жұмыс істеу ережесі тетіктерінің мұқият жасалуы қажеттігін мәлімдеп, осы шаралар толыққанды жүзеге асырылмай, Мәжілістегі аталмыш заң жобасы бойынша құрылған жұмыс тобының жетекшісіне құжатты екінші оқылымға шығармауды қатаң тапсырды.
Жалпы, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне цифрлық технологияларды реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы еліміздегі цифрландыру үдерісіне қарқын беру мақсатында дайындалған құжат. Заң жобасының бірнеше жаңалығы бар. Соның бірі барлық құжат айналымын электронды форматқа көшіру үшін цифрлық құжаттар сервисін енгізу. Асқар Қуанышұлының айтуынша, бұл сервис мобильді үкімет қосымшасы арқылы азаматтардың қағаз түріндегі құжатты ұсынуын қажет етпей көрсетіледі. Сонымен қатар, цифрландыру нәтижесінде қалыптасқан үлкен деректер қорын талдау тетігі реттелмек. Бұл экономикалық көрсеткіштерді талдау арқылы тиімді үкіметтік шешімдерді қабылдауға мүмкіндік береді деген үміт бар.
Тағы бір жаңалық цифрлық сервис аясында туындайтын азаматтардың дербес деректерін қорғау қажеттілігіне орай жүзеге аспақ. Заң жобасы бойынша осы шараны жүзеге асыратын уәкілетті орган анықталады және осы саладағы жаңа сақтандыру түрі ретінде ерікті кибер сақтандыру қызметі енгізіледі. Өйткені, азаматтардың дербес деректерін қорғау – мемлекет парызы. Цифрлық жобаларды құру мен дамытудағы квазимемлекеттік сектор функцияларының алынып тасталуы да бұл құжаттың бір жаңалығы. Сонымен қатар, мұнай және уран өндіру саласында ғылыми зерттеу жұмыстарына бөлінген шығыстардың бір пайызын цифрландыру жобаларына бағыттау ұсынылып отыр. Венчурлық қызметті ынталандыру мақсатында жеке венчурлық инвесторды айқындау жөніндегі нормалар да енгізілген.
Бұл 2024 жылға қарай инновациялық стартап компаниялар санын 450-ге дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Тағы айта кететін жайт, заң жобасы бойынша электрондық өнеркәсіп саласындағы уәкілетті орган айқындалады. Жедел төлемдер жүйесін енгізу шаралары да осы құжатпен реттелмек. Министрдің айтуынша, бұл халыққа, шағын бизнеске кез келген уақытта ыңғайлы ақша аударуға мүмкіндік береді. «Осындай шаралар қамтылған заң жобасы мемлекеттік басқарудың ашық жүйесін құруға, сондай-ақ, үлкен деректерді
талдау негізінде әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді болжауға ықпал етеді» дейді министр. Оның мәлімдеуінше, қарастырылып отырған мәселелер өз кезегінде цифрлық технологиялар саласында бәсекелестікті арттырып, дербес деректерді қорғауды күшейтуге, сондай-ақ, халықпен тиімді кері байланыс жасауға мүмкіндік береді.
Айша ҚҰРМАНҒАЛИ,
«Заң газеті»

Дом, где возвращают надежды

Региональный филиал Общественного Фонда «АНА ҮЙІ» в городе Шымкенте...

Новый завод – новые возможности

Открытие завода по производству керамогранита стало важным событием для...

Бесплатный сыр бывает в мышеловке

Финансовые пирамиды остаются одной из наиболее распространенных форм мошенничества....

Международная интеграция юридического образования

Недавно в Шанхайском университете политики и права состоялся XI...

Под лежачий камень…

Многие наверняка помнят выступление Главы государства в феврале этого...