12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде

Халқымызда «Тіл тағдыры – ұрпақ тағдыры, ұрпақ тағдыры – ел тағдыры» деген киелі сөзі бар. Кеңес тұсында, яғни, 1989 жылы елімізде қазақ тілінің мәртебесін көтеруге талпыныс жасалып, «Қазақ КСР-нің Тіл туралы» заңы қабылданды. Бұл заңның басты жетістігі қазақ тілін қорғау заңдастырылды. Ал, егемендік алғаннан кейін қабылданған ҚР «Тіл туралы» заңы республика аумағында колданылатын барлық тілге бірдей құрметпен қарауды қамтамассыз етіп, мемлекеттік тіл мәртебесін белгілеп берді. Ата Заңда мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісі, іс қағаздарын жүргізу тілі қазақ тілі екені тайға таңба басқандай көрсетілді. Алайда, мемлекеттік мәртебе алумен іс бітпейтінін уақыттың өзі көрсетті. Тілдің қолданылу аясын кеңейту, іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу және тағы басқа проблемалар алдан шықты.

Мемлекеттік тіл аясын кеңейтуде ҚР Жоғарғы Соты сот шешімдері мен үкімдері сапасына қойылатын талаптарды жылдан-жылға қатайтуда. Себебі, көпшілік жүйе жұмысына сот шешімдеріне қарап баға береді. Бұл тұрғыда ҚР Жоғарғы Сотының төрағасы Ж.Асанов қате жазылған бір шешімнің қасықтап жинаған абыройымызды шелектеп төгетінін айтты. Сондықтан, судьяларды сот өндірісіндегі мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге шақырды. Қызметте жоғарылағысы келетін қазылардың шешімдері Сот сапасы жөніндегі комиссия сүзгісінен өтеді. Мемлекеттік тілді жетік білмеу, қызметте өсуге үлкен кедергі болады.

Сот саласының тіл қолданысы проблемаларына жіті көңіл бөліп жатқанының тағы бір дәлелі, төраға алдағы уақытта сот процестерін біртіндеп қазақ тіліне көшіру қажеттігін атады. Ауқымды шаралар нәтижесінде бұл күні мемлекеттік тілдегі сот актілерінің біркелкі стандарты қалыптасты. Ж.Асанов сот қызметкерлеріне бабаларымыздан қалған шешендік өнерді жаңғыртуға үндеу тастады. Сот ісін жүргізу тілі сотқа берілген құжаттардың берілуіне қарай жүргізіледі, әрбір азамат істі өзінің ана тілінде немесе өзі білетін басқа тілде жүргізуді талап етуге құқылы және өздері білетін басқа тілде мәлімдеме жасауға, түсініктер мен жауап беруге, өтініш білдіруге, шағым жасауға, іс материалдарымен танысуға, сотта сөйлеу және заңда белгіленген тәртіппен аудармашының қызметін тегін пайдалануға құқылы.

Ана тілі кез келген халықтың өткені мен бүгінгісін таразылай отырып, болашағын танытатын, мәңгілік мұрасы. Демек, қазақ тілі Конституцияда мемлекеттік тіл болып белгіленген соң, өзінің мемлекеттік статусына ие болуы керек. Сот өндірісінде мемлекеттік тілді жетілдіруді мемлекеттік тілдегі заңдар сапасын көтеру мәселесінен бөліп қарай алмаймыз. Ең алдымен заңның мәтінін қарапайым халыққа түсінікті етіп жасаудың маңызы зор. «Өссе тілім, мен де бірге өсемін, Өшсе тілім, мен де бірге өшемін», демекші, туған тіл арқылы ұлт жасайды.

Елбасы Қазақстанның болашағы қазақ тілінде екенін ұдайы еске салады. Сондықтан, әрбір қазақстандық мемлекеттік тілдің жауапкершілігін сезініп, қазақша сөйлеуге бет алғаны ләзім. Өйткені, біз мемлекеттік мүддені жоғары қоймайынша, қазақ тілінің мәртебесін көтере алмаймыз.

Серікбек Саржан,

№2 Алмалы аудандық сотының

бас маманы, сот отырысының хатшысы

Алматы қаласы

Жаңа кассациялық сот

 Мемлекет басшысы 2025 жылғы 1 шілдеден бастап қылмыстық, азаматтық...

«Е-апостиль электрондық қызметін қалай тез алуға болады

Шетелге шығу кезінде Қазақстан Республикасының аумағында берілген құжаттар басқа...

Как не стать жертвой финансовой пирамиды

Финансовая пирамида (также инвестиционная пирамида, схема или игра Понци)...

Сот отырысында аудио-бейне тіркеу жүйесін пайдалану ережелері

Осы Сот отырысына қатысуды қамтамасыз ететін техникалық байланыс құралдарын...

СОТ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ — ҚОҒАМНЫҢ ТАЛАБЫ

Сот - кез-келген даудың түйінін тарқатып, әділдігін айтып, тура...