ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанның бүкіл аумағында 16 наурыздан 15 сәуірге дейін төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты азаматтардың өмірі мен денсаулығын короновирустан қорғау мақсатында Қоғамдық қабылдау бөлмесінің жұмысын және азаматтарды қабылдауды 16 наурыздан бастап уақытша тоқтатты. Барлық өтініштер
министрліктің ресми интернет-ресурсы, Министрліктің әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттары, Қазақстан Республикасының «e-gov» электрондық үкімет порталы және ҚР Президентінің виртуалды қабылдау бөлмесі арқылы электрондық түрде қабылданады.
Сондай-ақ, 8 7172 74 37 23 телефоны бойынша хабарласуға болады.