Мұндай жағдайда, еңбек заңнамасында жұмысшылардың еңбек қызметін жүзеге асырудың әртүрлі тетіктері қарастырылған. Соның ішінде толық емес жұмыс уақыты режимін белгілеу, қашықтықтан жұмыс жасау, басқа жұмысқа уақытша ауыстыру және т.б. Мысалы, тараптардың келісім бойынша және өндірістік процесс мүмкіндік берсе, карантин кезеңінде жұмыс беруші қашықтан орындалатын жұмыс белгілеуі мүмкін.
Бұл ретте жұмыс жағдайлары, жұмыс уақытын есепке алу, шығыстар мен еңбекақы тараптардың келісімі бойынша (жұмыс берушінің актісінде және еңбек шартында) белгіленеді, ал, жалақы жұмыскердің нақты жұмыс істеген уақытына төленеді.
Еңбек кодексінің 112-бабына сәйкес жұмыс берушіге және жұмыскерге байланысты емес себептер бойынша бос тұрып қалу уақытын ресімдеу тәртібі және бос тұрып қалу уақытына ақы төлеу талаптары еңбек, ұжымдық шарттарда айқындалады және жалақының ең төмен мөлшерінен (42 500 теңге) кем болмайтын мөлшерде белгіленеді. Егер еңбек шартында, ұжымдық шартта қарастырылған болса, бос тұрып қалу уақытындағы жалақы ең төменгі жалақыдан жоғары болуы мүмкін.