Отбасылық бақыт өзімізден басталады

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №21 мекемесінің жеке құрам қызметкерлерімен «Отбасылық бақыт өзімізден басталады» тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – отбасылық құндылықтардың маңыздылығын түсіндіру, отбасындағы өзара сыйластық, сенім мен түсіністікті нығайту, сондай-ақ жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.

Тренинг барысында қатысушылар отбасындағы сүйіспеншілік, қамқорлық, жауапкершілік және өзара қолдаудың маңызы туралы ой бөлісті. Сонымен қатар, отбасылық қарым-қатынаста кездесетін келіспеушіліктердің алдын алу, эмоцияларды басқару және туындаған мәселелерді бейбіт жолмен шешу тәсілдері талқыланды.

Іс-шара аясында қатысушылардың белсенділігін арттыруға бағытталған «Жылы лебіз», «Бақытты отбасының формуласы» және «Жағдаяттан шығу жолы» атты психологиялық жаттығулар ұйымдастырылды. Жаттығулар барысында қатысушылар өз ойларын ортаға салып, отбасындағы татулық пен берекенің негізі өзара құрмет пен түсіністікте екенін атап өтті.

Отбасы – адам өміріндегі ең қымбат құндылық, ал отбасындағы татулық пен тыныштық – қоғам тұрақтылығының негізі.

ТАТУЛАСУ – ДАУДЫ ШЕШУДІҢ ЕҢ ТИІМДІ ӘДІСІ

Қоғам өмірінде адамдар арасында түрлі келіспеушіліктер мен даулы мәселелердің...

Семейное счастье начинается с нас

С личным составом учреждения №21 Департамента УИС по области...

Астанада WADA Құрылтайшылар кеңесінің отырысы өтті

Астанада Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің (WADA) Құрылтайшылар кеңесінің отырысы...

Құрылтайда шекара маңындағы аумақтарды дамыту туралы заң жобасы таныстырылды

Құрылтайдың Өңірлік және инфрақұрылымдық даму комитетінің отырысы өтті. Комитет...

В Курултае представили законопроект о развитии приграничных территорий

В Комитете Курултая по региональному и инфраструктурному развитию под...