№68 мекемесінде «Суицидке жол жоқ!» тақырыбында іс-шара өткізілді

Қазақстан Республикасы ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мекемесінде оқшауланған аймақта ұсталатын сотталған азаматтар арасында суицидтік әрекеттердің алдын алу мақсатында «Суицидке жол жоқ!» тақырыбында профилактикалық іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шараны мекеменің психолог маманы, әділет майоры А. Мырзалы мен «Ақниет» қоғамдық қорының психолог маманы М. Ерзулда өткізді.

Шара барысында сотталған азаматтарға психологиялық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, өмірдің құндылығы, қиындықтарды еңсеру, эмоционалдық тұрақтылықты сақтау және жағымсыз ойлардың алдын алу мәселелері түсіндірілді.

Сонымен қатар қатысушылар плакаттарға сурет салу арқылы өз ойлары мен көзқарастарын жеткізіп, шығармашылық жұмыстарын ұсынды.

Іс-шара соңында қатысушыларға ынталандыру мақсатында шағын сыйлық ретінде блокнот пен қаламсап табысталды.

Аталған іс-шара сотталған азаматтардың психологиялық жағдайын тұрақтандыруға, өмірге деген оң көзқарасын қалыптастыруға және суицидтік мінез-құлықтың алдын алуға бағытталды.

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ НЕГІЗГІ ҚАЗЫҒЫНЫҢ БІРІ

Тіл – әрбір ұлттың рухани байлығы, тарихы мен мәдениетінің...

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҒЫМЫЗ

Тіл – ұлттың жаны, халықтың рухани байлығы мен мәдени...

Казнить нельзя помиловать

ОДНОЙ ИЗ САМЫХ АКТУАЛЬНЫХ И БОЛЕЗНЕННЫХ ТЕМ ОСТАЕТСЯ ОТНОШЕНИЕ...

Тәуелсіздік – елдігіміздің тұғыры, бірлігіміздің белгісі

Тәуелсіздік – халқымыздың сан ғасырлық асыл арманы, ата-бабамыздың ұрпаққа...

Личность, создающая школу права 

В истории юридической науки есть имена, которые остаются на...