Тәуелсіздік – елдігіміздің тұғыры, бірлігіміздің белгісі

Тәуелсіздік – халқымыздың сан ғасырлық асыл арманы, ата-бабамыздың ұрпаққа аманат еткен ең қымбат құндылығы. Биыл Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 35 жыл толып отыр. Бұл – ел тарихындағы елеулі белес, өткенімізге тағзым жасап, бүгінімізді бағалап, болашағымызға сеніммен қарайтын ерекше кезең.

Тәуелсіздік жылдарында еліміз өз алдына дербес мемлекет ретінде қалыптасып, саяси, экономикалық және әлеуметтік салаларда толағай табыстарға қол жеткізді. Ең бастысы, халқымыз бейбітшілік пен тұрақтылықты, татулық пен бірлікті ту еткен тәуелсіз мемлекетте өмір сүріп келеді.

Егемендіктің нығаюында заң үстемдігін қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, әділдік пен теңдікті сақтау ерекше маңызға ие. Осы орайда сот жүйесіне жүктелер жауапкершілік те зор. Судьяның басты міндеті – заң талаптарын басшылыққа ала отырып, әрбір істі әділ әрі бейтарап қарау, азаматтардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру және қоғамның сотқа деген сенімін нығайту.

Әділ сот төрелігі – құқықтық мемлекеттің берік негізі. Заң үстемдік құрған қоғамда ғана азаматтардың болашаққа деген сенімі артып, мемлекетіміздің тұрақты дамуына жол ашылады. Сондықтан әрбір судья үшін кәсіби адалдық, тәуелсіздік, жауапкершілік пен әділдік қағидаттарын берік ұстану – басты парыз.

Тәуелсіздіктің 35 жылдығы – тек өткен жетістіктерді саралайтын мереке ғана емес, сонымен қатар келер ұрпақ алдындағы жауапкершілігімізді сезінетін маңызды сәт. Отанымыздың өркендеуі, қоғамдағы заңдылық пен тәртіптің нығаюы әрбір азаматтың ортақ еңбегіне байланысты.

Тәуелсіздігіміз тұғырлы, еліміз еңселі, бірлігіміз бекем болсын! Көк байрағымыз әрдайым биікте желбіреп, Қазақстанымыздың жарқын болашағы баянды болғай!

С.Б. Аршабекова, Алматы қаласы Әуезов аудандық сотының судьясы

Казнить нельзя помиловать

ОДНОЙ ИЗ САМЫХ АКТУАЛЬНЫХ И БОЛЕЗНЕННЫХ ТЕМ ОСТАЕТСЯ ОТНОШЕНИЕ...

Личность, создающая школу права 

В истории юридической науки есть имена, которые остаются на...

Когда диалог сильнее конфликта

Не каждый спор должен заканчиваться судебным разбирательством. Иногда достаточно...

Можно ли подарить единственное жилье и остаться в нем жить?

«Я ПОДАРЮ КВАРТИРУ СЫНУ, НО ЖИТЬ БУДУ ЗДЕСЬ, КАК...

АККА дәрігерлері 72 жастағы науқастың алып көлемдегі кистомасын алып тастады

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасына (АККА) іштің төменгі бөлігіндегі ауырсыну...