«Құқықтық тәртіп» пробация есебіндегі азаматтар тексерілуде

Жамбыл облысы Т. Рысқұлов аудандық пробация қызметінің инспекторлары Т. Рысқұлов аудандық полиция бөлімінің ҚҚБ учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп, «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жұмыстар жүргізуде.

Іс-шара барысында пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтардың тұрғылықты мекенжайлары тексеріліп, олардың белгіленген міндеттерді орындауы, қоғамдық тәртіпті сақтауы және құқық бұзушылықтарға жол бермеуі бақылауға алынды.

Сонымен қатар азаматтармен профилактикалық әңгімелер жүргізіліп, заң талаптарын сақтау және қайталама құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.

Аталған іс-шараның басты мақсаты – құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және пробация есебіндегі азаматтардың тәртібін бақылау.

Мәслихат сайлауы – азаматтық жауапкершілік пен демократиялық мәдениеттің көрінісі

Қоғамның дамуы мен мемлекеттің өркендеуі азаматтардың ел өміріне белсенді...

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ТӨЗБЕУШІЛІК – ӘР АЗАМАТТЫҢ ҰСТАНЫМЫ

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кедергі келтіретін мәселелердің бірі....

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

Сыбайлас жемқорлық – мемлекеттің тұрақты дамуына, экономикалық өсіміне және...

Алаяқтардан сақ болайық!

Қазіргі қоғамда ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы азаматтарға көптеген мүмкіндіктермен...

Сот актілерінің орындалмауы — заң үстемдігіне қауіп

Сот актілерінің орындалуы - сот төрелігінің түпкілікті нәтижесін айқындайтын...