СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ТӨЗБЕУШІЛІК – ӘР АЗАМАТТЫҢ ҰСТАНЫМЫ

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кедергі келтіретін мәселелердің бірі. Ол адамдардың мемлекетке деген сенімін азайтып, әділдікке нұқсан келтіреді. Сондықтан онымен күресу тек мемлекеттік органдардың емес, бүкіл қоғамның міндеті. Әрбір азамат заңды құрметтеп, адалдықты басты қағида ретінде ұстануы керек.

Бүгінде ҚР  Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментімен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, заң талаптарын түсіндіру және қоғамда адалдық құндылықтарын қалыптастыру бағытында жұмыстар жүргізіп келеді.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда екі негізгі бағытқа басымдық беріледі. Олар – сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг.

Сыртқы талдау кезінде мемлекеттік органдар мен жекелеген салалардың жұмысындағы сыбайлас жемқорлыққа әкелуі мүмкін кемшіліктер анықталады. Оларды жою үшін тиісті ұсынымдар беріледі.

Ал мониторинг барысында мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша қандай жұмыстар атқарылып жатқаны зерделенеді. Сондай-ақ, заң талаптарының сақталуы мен қоғамның сыбайлас жемқорлыққа деген көзқарасы қарастырылады.

Бұл ретте түсіндіру және ағарту жұмыстарының да маңызы зор. Департамент жанынан құрылған ақпараттық-түсіндіру тобының құрамына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында тәжірибесі мен білімі бар қоғам өкілдері және осы бағытта белсенді жұмыс жүргізіп жүрген мамандар кіреді.

Топ мүшелері мемлекеттік қызметшілермен, жастармен және квазимемлекеттік сектор өкілдерімен кездесулер өткізіп, семинарлар мен түрлі акциялар ұйымдастырады. Олардың барысында сыбайлас жемқорлықтың зияны, заң талаптарын сақтау және адалдық қағидаттарының маңызы түсіндіріледі. Ағымдағы жылдың он бір айында осындай 200-ден астам іс-шара өткізілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет әр адамның өзінен басталады. Заңды сақтау, адал еңбек ету және кез келген заңсыз әрекетке төзбеу – әділ қоғам қалыптастырудың негізі. Сондықтан әрбір азамат сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға өз үлесін қосуы қажет.

Б.Макеев,

МҚІА Қарағанды облысы бойынша департаменті  басшысының орынбасары, Әдеп кеңесі хатшылығының меңгерушісі

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

Сыбайлас жемқорлық – мемлекеттің тұрақты дамуына, экономикалық өсіміне және...

Алаяқтардан сақ болайық!

Қазіргі қоғамда ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы азаматтарға көптеген мүмкіндіктермен...

Сот актілерінің орындалмауы — заң үстемдігіне қауіп

Сот актілерінің орындалуы - сот төрелігінің түпкілікті нәтижесін айқындайтын...

ӨРТ КЕЗІНДЕГІ ІС-ҚИМЫЛ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗ ЭВАКУАЦИЯ

Кіріспе Өрт - адам өміріне, денсаулығына және мүлкіне үлкен қауіп...