Білімді маманға сұраныс жоғары

Жыл сайын жоғары оқу орындарын бітіріп, еңбек нарығына араласатын заңгерлер саны көп. Сол маманның бәрі алған біліміне сай жұмыс тауып кете қоймасы анық. Дегенмен, заңгерліктің қыр-сырын жетік меңгерген, кәсіби біліктілігі шыңдалған, ұстаздардан алған теориялық білімін тәжірибеде қолдана білетін заңгерге сұраныс қай кезде де бар. Ал осындай адал бәсекелестікке қабілетті, өз кәсібін сүйетін, қиындығына төзетін білікті мамандарды дайындау үлкен ізденісті қажет етеді.

Сондықтан да Жоғары оқу орындары қазір тек сапалы білім берумен шектелмей, әр шәкірттен көшбасшы дайындауға күш салады. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің заң факультеті – осындай мықты мамандар дайындаудың жоғары мектебіне айналған, тарихы терең қара шаңырақ.
Университетте заңгерлер даярлау – тек заң нормаларын меңгерген маман қалыптастыру дегенді білдірмейді. Данышпан әл-Фарабидің «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деген тағылымды сөзін басты бағдар еткен оқу ордасы білім мен тәрбиені тең қамтып, қатар назарда ұстайды. Оған университеттің әлеуеті толық жетеді. Мұндағы спорттық секциялар, ән, күй, өнерге баулитын үйірмелер студенттердің біліммен қоса шығармашылық тұрғыдан өсуіне жағдай туғызады. Ал танымал қоғам қайраткерлерінің, мықты заңгерлердің қатысуымен өтетін кездесу, кештердің жастардың рухани бай, таным-түсінігі кең, парасаты биік тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Осындай жан-жақты қамқорлық пен қолдауды сезінген студенттер болашақта білікті заңгер ғана емес, әділеттілікті қамтамасыз етуге қабілетті, қоғам алдындағы жауапкершілікті терең сезінетін кәсіби маман болатыны талас тудырмайды.
Қазіргі кезде заңгерлерді даярлау жүйесі заман талабына сай жаңарып, теориялық білім мен практикалық дағдыларды ұштастыруға, цифрлық технологияларды меңгеруге және құқықтық мәдениетті қалыптастыруға негізделген. Соның арқасында университет аудиториясында белгілі мемлекет қайраткерлерінің, танымал заңгер, адвокаттардың, прокурорлар мен судьялардың дәріс оқуына студенттердің көзі үйренген. Университетте алған білімінің арқасында ел құрметіне бөленіп, ортасына үлгі-өнеге көрсетіп жүрген танымал заңгерлер – жастар үшін айна іспеттес. Мұндай бірегей жандарды арнайы шақырып, дәріс оқуына жағдай жасаудың артықшылығы көп. Себебі біріншіден тәжірибелі мамандардың дәрісі қызық әрі пайдалы. Екіншіден, мақсатына жету үшін түрлі қиындық пен күрес жолынан өткен табанды заңгерлердің өмірі жастарға үлкен сабақ. Үшіншіден, тәжірибелі мамандар дәріс оқи отырып жастардың арасынан өзіне ізбасар табады, студенттердің практиға араласуына, жұмыс табуына көмек береді.
Заңгердің кәсібилігі тек заңды білуімен өлшенбейді. Оның бойында әділеттілік, адалдық, жауапкершілік, бейтараптық және адам құқықтарын құрметтеу қасиеттері болуы керек. Әсіресе болашақ судьялар, прокурорлар, адвокаттар мен мемлекеттік қызметшілер үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарас; академиялық адалдық; заң үстемдігін құрметтеу; азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау; кәсіби құпияны сақтау қағидаттары ерекше маңызға ие. Бүгінгідей сындарлы кезде шәкірттеріміздің халықаралық құқықтық кеңістікте жұмыс істей білуі де маңызды. Сондықтан ағылшын тілін меңгеру, халықаралық құқықтық құжаттарды оқу, шетелдік заңнамаларды салыстырмалы талдау болашақ маманның кәсіби мүмкіндіктерін кеңейтеді. Міне әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да білім беру бағдарламасы осындай кең ауқымда жүзеге асырылуда. Осындай заманауи университетте білім алған заңгерлердің еңбек алыңынан орын тауып қоймай, ел игілігіне адал қызмет ететіні даусыз.
Гүлдана Қуаналиева,
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының меңгерушісі, профессор

Үздік университеттер қатарындамыз

QS Asia University Rankings – бұл жыл сайын британдық...

АНА ТІЛІ – ҰЛТТЫҢ ӨЗЕГІ: СОТТАҒЫ АНА ТІЛІМІЗДІҢ ТАҒДЫРЫ

Егеменді еліміздің басты құжаты Қазақстан Республикасының Конституциясының 9-бабы 1-тармағында...

Инициативы Съезда лидеров мировых и традиционных религий в центре международного круглого стола с участием ЮНЕСКО

От этики искусственного интеллекта до сохранения сакрального наследия: участники...

Оперативно-профилактическое мероприятие «Правопорядок»

На учете службы пробации Ауэзовского района Департамента УИС по...