Кәсіби этика сыбайлас жемқорлыққа жол бермейді

Ел Конституциясы адамға бағдарланған мемлекет қағидатына негізделген, сондықтан, мемлекеттік қызметшілерге барлық уақытта қатаң талаптар қойылады. Өйткені, мемлекеттік қызметшінің кәсіби-тұлғалық болмысы көпшіліктің мемлекеттік қызметке деген көзқарасы мен сеніміне әсер етеді.

 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Мемлекеттік қызмет – жеке бастың бақ-дәулетін арттыратын жер емес. Бұл – туған халқыңның алдында айрықша жауапкершілік арқалау» деген сөзі мемлекеттік қызметте жүрген барлық адамнан «мемлекетшіл болуды» талап етеді. Бұл талап үддесінен шыға білу әрбір қызметкерге шексіз жауапкершілік жүктейді. 

ҚР мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің талабына сәйкес, мемлекеттік қызметшілер өзінің адалдығымен, жүріс-тұрысымен, мәдениетімен, өзге де жағымды қасиеттерімен жалпы қоғамға үлгі болуы тиіс. Оның ішкі-сыртқы мәдениетін, білім-білігін үнемі жетілдіріп отыруы жауапкершілігін көрсетеді. 

Мемлекеттік қызметшінің ел алдындағы жауапкершілігі – мемлекеттің беделіне нұқсан келтіретін іс-әрекеттерге, әсіресе, сыбайлас жемқорлықққа жол бермейді. Адал еңбек пен кәсібилік мемлекеттік қызметшінің басты міндеті болу керек. Себебі, адалдық пен кәсібилік сапалы қызмет кепілі саналады. Ал сапа әрқашан да мемлекеттік аппараттың жаңаша сипатта дамуына серпін береді.

Халқымыздың тарихында елге қызмет етудің тамаша үлгісін көрсеткен мемлекетшіл тұлғалар аз емес. Олардың көш басында Алаш қайраткерлері тұр. Ұлт ұстазы  Ахмет Байтұрсынұлының «Ел – бүгіншіл, менікі – ертең үшін» немесе Әлихан Бөкейханның «Ұлтқа қызмет ету – білімнен емес, мінезден» деген қанатты сөздері мемлекеттік мекемелердің нақ төрінде тұруы керек.

ҚР мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі әрбір мемлекеттік қызметшіні өз өкілеттігін жүзеге асыруда азаматтар үніне құлақ асуға міндеттейді. Осы кодекс талабына сәйкес, мемлекеттік қызметшілер қызметтен тыс уақытта да ойын, сондай-ақ, мемлекеттік қызметтің имиджіне нұқсан келтіретін өзге де мекемелерге бармауы тиіс. Олардың заңмен, Әдеп кодексімен белгіленген тәртіп шеңберінен шығуы қызметтік этикаға қайшы келеді. Бұл өз кезегінде жұртшылықтың мемлекеттік қызметке деген сеніміне селкеу түсіреді.

Адалдық пен әділдік, ашықтық сыбайлас жемқорлықтың жолын кеседі. Әдеп кодексі мемлекеттік қызметшілерге бір-бірінің ар-намысына нұқсан келтіретін жеке және кәсіби қасиеттерін талқылауға тыйым салады. Сонымен қатар, олардың қызметін пайдаланып, азаматтарды әуре-сарсаңға салуына, жалған ақпараттар таратуына, жемқорлық әрекеттерге баруына жол берілмейді. Мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік қызметтің бейтараптығын, сонымен қатар тәуелсіздігін қамтамасыз ету міндеттелген.

Осы тұста айтып өтерлігі, Әдеп жөніндегі уәкіл институтының мемлекеттік аппараттағы тәртіп пен мәдениетті нығайтуда маңызы зор. Аталған уәкіл өз функциялары шегінде мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға Мемлекеттік қызмет, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңдардың, Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша кеңес беріп, көмек көрсетеді.

Мемлекеттік қызметшілер мемлекеттің қызметтің бет-бейнесі. Сондықтан, олар ұлы Абайдың «Пайда ойлама, ар ойла» өсиетін өздеріне үлгі етулері тиіс. Сонда ғана сенім үддесінен шығады.

Ерлан Бимакаев,

Алматы облысы бойынша

департаменті әдеп жөніндегі уәкілі

Сот-заңнамалық реформалар тәуелсіздікті арттырады

Сот төрелігін, сондай-ақ, заңдарды жетілдіру заман талабы. Өйткені, бұлар...

Впервые разработан законопроект с помощью ИИ-платформы AI-Quryltai

Проект нового закона «О цифровой и информационной безопасности детей»...

AI-Quryltai жасанды интеллект платформасының көмегімен алғаш рет заң жобасы әзірленді

«Балалардың цифрлық және ақпараттық қауіпсіздігі туралы» жаңа заң жобасы...

Вред алкоголя: что происходит с организмом на самом деле

Алкоголь давно стал частью культуры, праздников и отдыха. Многие...

Алкогольдің зияны: ағзада шын мәнінде не болады?

ЖАННА НҰРБЕРГЕН Астана медицина университеті академик Е.Д.Дәленов атындағы профилактикалық медицина ҒЗИ жетекші ғылыми...