Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуден бас тартудың негіздері

Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу – еліміздегі кәсіпкерлік және қоғамдық қызметті заңды негізде жүзеге асырудың маңызды тетіктерінің бірі. Мемлекеттік тіркеу заңды тұлғаның құрылуын, қайта ұйымдастырылуын және қызметінің тоқтатылуын ресми түрде тануды қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасында заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу тәртібі «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі.

Аталған заңға сәйкес, мемлекеттік тіркеу барысында ұсынылған құжаттардың қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкестігі маңызды рөл атқарады. Құжаттар заң талаптарына сәйкес келмеген жағдайда тіркеуші орган мемлекеттік тіркеуден бас тарту туралы шешім қабылдауы мүмкін.

Мемлекеттік тіркеуден бас тартудың негізгі себептері қандай?

Қазақстан Республикасының «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Заңының 11-бабында заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеуден және қайта тіркеуден бас тартудың негіздері көзделген.

Атап айтқанда, заңды тұлғаны құрудың Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртібінің бұзылуы, құрылтай құжаттарының заңнама талаптарына сәйкес келмеуі, сондай-ақ заңда көзделген өзге де мән-жайлар мемлекеттік тіркеуден бас тартуға негіз болуы мүмкін.

Сонымен қатар мемлекеттік тіркеуге ұсынылатын құжаттар толық әрі дұрыс ресімделуге тиіс. Құжаттардағы мәліметтердің сәйкессіздігі, қажетті шешімдердің болмауы немесе құжаттардың заң талаптарына сай жасалмауы мемлекеттік қызметті көрсету барысында қиындықтар туғызады.

Мемлекеттік тіркеуден бас тарту тіркеуші органның ерікті шешімі болып табылмайды. Мұндай шешім заңнамада белгіленген нақты негіздер болған жағдайда ғана қабылдануға тиіс.

Құжаттарды дұрыс ресімдеудің маңызы

Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу кезінде өтініш берушілер құрылтай құжаттарының мазмұнына, заңды тұлғаның атауына, орналасқан жері туралы мәліметтерге және уәкілетті орган қабылдаған шешімдердің дұрыс ресімделуіне ерекше назар аударуы қажет.

Әсіресе коммерциялық емес ұйымдарды мемлекеттік тіркеу барысында олардың ұйымдық-құқықтық нысанына сәйкес құрылтай құжаттарын әзірлеу маңызды.

Қоғамдық бірлестіктер, қорлар, мекемелер және өзге де коммерциялық емес ұйымдар өз қызметін тиісті заңнамалық талаптарға сәйкес ұйымдастыруға міндетті.

Құжаттарды алдын ала мұқият тексеру мемлекеттік тіркеу рәсімінің уақытылы әрі кедергісіз жүргізілуіне ықпал етеді.

Бас тарту туралы шешім қабылданған жағдайда не істеу қажет?

Мемлекеттік тіркеуден бас тартылған жағдайда өтініш берушіге оның себептері көрсетілген дәлелді жауап берілуге тиіс.

Өтініш беруші бас тартуға негіз болған кемшіліктерді жойып, заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуге қайта жүгіне алады.

Сонымен қатар мемлекеттік органның қабылдаған шешімімен келіспеген жағдайда Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқылы.

Қорытынды

Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу саласындағы заңнама талаптарын сақтау – құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудің және ұйымдардың заңды қызметіне қолайлы жағдай қалыптастырудың маңызды кепілі.

Мемлекеттік тіркеуден бас тарту азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын шектеуге емес, заңдылықты сақтауға және мемлекеттік тіркеу деректерінің дұрыстығын қамтамасыз етуге бағытталған.

Осыған байланысты заңды тұлғаларды құруды немесе қайта тіркеуді жоспарлаған азаматтар мен ұйым өкілдеріне қолданыстағы заңнама талаптарын алдын ала зерделеп, қажетті құжаттарды толық әрі дұрыс ресімдеу ұсынылады.

Алматы облысы Әділет департаменті, Коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімінің бас маманы Қанатұлы Әлібек

Әкімшілік істердегі медиация

Қазіргі таңда сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағыттарының бірі –...

Former French Ambassador Lectures at Narxoz University

At my invitation, French diplomat Mr Pierre Andrieu visited...

Бывший посол Франции прочитал лекцию в Университете Нархоз

По приглашению Школу права и государственного управления (ШПиГУ) Университета...

Францияның бұрынғы елшісі Нархоз университетінде дәріс берді

Нархоз университетінің Құқық және мемлекеттік басқару мектебіне (ШПиГУ) француз...

Мемлекеттік қызметші — ел айнасы

Мемлекеттік қызметші–мемлекеттік органда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен республикалық...