Абай облысы бойынша ҚАЖ жүйесіндегі әйелдер мекемесінің қызметкерлері «Оқитын ұлт» жобасын қолдады

         Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесінің әйелдер мекемесінің қызметкерлері кітап оқуды насихаттауға және әдебиетке деген қызығушылықты арттыруға бағытталған Мемлекет басшысының «Оқитын ұлт» жобасына қолдау білдірді.
       Бастама аясында мекеме қызметкерлері кітапханаға барып, оқырман билеттерін рәсімдеп, кітап оқуды қолға алды. Жобаға қатысу олар үшін өзін-өзі дамытуға, ой-өрісін кеңейтуге және кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік берді.
      Оқылған шығармалардың қатарында «Читающий государственный служащий», Габриэль Гарсиа Маркестің «Жүз жылдық жалғыздық» романы, «Тас дәуірінен жасанды интеллектке дейінгі ақпараттық желілердің қысқаша тарихы», «80/20 қағидаты», сондай-ақ «ИИ-2041. Біздің болашағымыздың он бейнесі» атты кітаптар бар. Аталған еңбектер көркем әдебиеттен бастап, өзін-өзі дамыту, технологиялар тарихы және жасанды интеллекттің даму болашағына дейінгі түрлі бағыттарды қамтиды.
      - Кітап оқу адамның дамуына, дүниетанымының қалыптасуына және мәдениет деңгейінің артуына зор ықпал етеді деп санаймыз. Әрбір оқылған кітап — жаңа білім, тың идея және күнделікті өмірдегі қалыптасқан дүниелерге басқа қырынан қарауға мүмкіндік. «Оқитын ұлт» жобасын қолдау арқылы біз кітаптың әр адамның күнделікті өмірінде лайықты орын алуы керектігін өз үлгімізбен көрсеткіміз келеді. Бұл бастама — кітап оқуды насихаттауға, қызметкерлердің зияткерлік әлеуетін арттыруға және үздіксіз өзін-өзі дамыту мәдениетін қалыптастыруға қосылған үлес, — деп атап өтті мекеме бастығының орынбасары Ақмарал Қайранова.

В учреждении №20 ДУИС по области Абай проведён психологический тренинг

В учреждении №20, подведомственном Департаменту уголовно-исполнительной системы по области...

Арнайы есепке алу бөлімінің қызметі

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мекеменің...