Азаматтардың құқықтарын қорғау – басты міндет

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау – құқықтық мемлекеттің негізгі қағидаттарының бірі. Әрбір азаматтың заң алдында тең болуы, өз құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуы қоғамдағы әділдік пен тұрақтылықтың кепілі болып табылады.

Сот жүйесінің басты міндеті – азаматтардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру, заңдылық пен әділдікті қамтамасыз ету. Сотқа жүгінген әрбір азаматтың өтініші заң талаптарына сәйкес қаралып, істің мән-жайына объективті баға берілуі тиіс.

Бүгінде сот жүйесінде қызмет көрсету сапасын арттыруға, сот төрелігінің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінуде. Ақпараттық технологияларды енгізу азаматтардың уақытын үнемдеп, сот қызметтерін қашықтан алуға мүмкіндік беріп отыр.

Азаматтардың құқықтарын қорғау – тек сот органдарының ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Заңға құрметпен қарау, құқықтық сауаттылықты арттыру және әрбір адамның заңды мүддесін құрметтеу – әділетті қоғам қалыптастырудың маңызды негізі.

Әділдік пен заңдылық салтанат құрған жерде азаматтардың мемлекетке деген сенімі нығая түседі.

Абай облысы Жарма аудандық сотының сот әкімшісі басшысының орынбасары А.Меллишева

Сталкинг үшін жауаптылық қарастырылған

Мемлекеттің ең басты байлығы – адам. Ешкімнің біреудің жеке...

СОТ ОТЫРЫСЫ ХАТШЫСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ МЕН МІНДЕТТЕРІ

Сот жүйесінде сот төрелігінің сапалы әрі заң талаптарына сай...

ЗАЩИТА ПЕРСОНАЛЬНЫХ ДАННЫХ – ВАЖНАЯ ЗАДАЧА СОВРЕМЕННОГО ОБЩЕСТВА

В современном мире персональные данные стали неотъемлемой частью повседневной...

Боқаевтың адвокаты жасанды қоғамдық резонанс тудырып, сотқа қысым көрсетуге тырысты – прокурор өтінішхат берді

Санжар Боқаевтың адвокаты Алма Мусинаның жария мәлімдемелері жасанды қоғамдық...