Бүгін, 16 қараша күні президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық қауіпсіздік комитетінде ауыс-түйіс жасады. Президент комитеттің төрағасы болған Ермек Сағымбаевты жұмысынан босатып, оның орынбасарын комитет төрағасы етіп тағайындады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мемлекет басшысының жарлығымен Марат Ғатаұллаұлы Ирменов Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босады, — делінген хабарламада.
Марат Ирменов 1993 жылы Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын, ал 1996 жылы ұлттық қауіпсіздік комитеті институтын тәмамдаған. Халықаралық құқық және нарық академиясының да дипломы бар.
II дәрежелі «Даңқ» орденімен, мемлекеттік, ведомстволық және мерейтойлық медальдармен наградталған. ҚР ҰҚК Құрметті қызметкері.
2019 жылы ҚР президентінің жарлығымен ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры арнайы атағын алған.
1996-2000 жылдары – ұлттық қауіпсіздік органдарының жедел лауазымдарындағы қызметі;
2000-2025 жылдары – ұлттық қауіпсіздік органдарының басшы лауазымдарындағы қызметі;
2025 жылғы қазаннан бастап – ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары.


