Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кедергі келтіретін, мемлекетке және халыққа үлкен зиян келтіретін қауіпті құбылыс. Ол әділдік пен заңдылықтың бұзылуына әкеледі.
Сондықтан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – әрбір азаматтың міндеті.
Сыбайлас жемқорлық дегеніміз – мемлекеттік қызметшілердің немесе басқа да лауазымды адамдардың өз қызметтік өкілеттігін жеке басының пайдасы үшін пайдалануы. Мысалы, пара алу, пара беру, қызмет бабын асыра пайдалану және таныстық арқылы заңсыз артықшылық жасау сыбайлас жемқорлыққа жатады.
Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңмен реттеледі. 2015 жылғы 18 қарашада «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданған. Бұл заңның негізгі мақсаты – жемқорлықтың алдын алу, оның себептері мен жағдайларын жою және қоғамда адалдықты қалыптастыру.
Менің ойымша, жемқорлықсыз қоғам құру үшін әрбір адам адал, әділ және жауапты болуы керек. Заң алдында барлық азамат тең болуы тиіс. Ешкім пара беруге де, пара алуға да жол бермеуі қажет.
Жастар да сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға үлес қосуы керек. Біз білімді, адал, әділ және отаншыл азамат болып өсуіміз қажет.
Қорытындылай келе, сыбайлас жемқорлық – ел болашағына қауіп төндіретін үлкен мәселе.
Онымен күресу тек мемлекеттің емес, бүкіл халықтың ортақ міндеті. Әділдік бар жерде сенім, тәртіп және даму болады.
Біздің ұранымыз: «Адалдық – адамдықтың белгісі! Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!»
Түркістан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маман – сот мәжілісінің хатшысы А.К Дуйсенова


