Ата-ананың алимент төлеу міндеті

Алимент – ата-ананың заң алдындағы міндеті. Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Кодексінің 138-бабы 2-тармағы бойынша егер ата-аналар өздерінің кәмелетке толмаған балаларына, сондай-ақ жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесінде, күндізгі оқу нысаны бойынша жоғары білім беру жүйесінде оқитын жиырма бір жасқа дейінгі кәмелетке толған балаларына күтіп-бағу қаражатын ерікті түрде бермеген жағдайда, бұл қаражат олардан сот тәртібімен өндіріп алынады. Осылайша, көрсетілген жағдайларда алимент төлеу міндеті баланың кәмелет жасына толуына байланысты тоқтатылмайды, керісінше, оқу орнының аяқталуына немесе заңда белгіленген жас шегіне жеткенге дейін жалғасады. Заңда баланың қай мемлекетте білім алуы тиіс екендігі нақты көрсетілмеген. Демек, баласы Қазақстан Республикасында да, шетелде де білім алып жатқан ата-ананың алимент төлеу міндеті сақталады.

Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Кодексінің 138-бабы 1-тармағы бойынша ата-аналар өздерінің жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесінде, күндізгі оқу нысаны бойынша жоғары білім беру жүйесінде оқитын кәмелетке толған балаларын күтіп-бағу туралы келісім (алимент төлеу туралы келісім) жасасуға құқылы. Осылайша, туындаған дауды сотқа жеткізбей өзара шешуге болады.

Егер ата-ана баланы ерікті түрде асырауға қаражат бермесе, сотқа талап қою арызымен жүгіну қажет.

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының №2 сотына 2026 жылдың 9 айында оқу уақытына алимент өндіру туралы жалпы 56 талап қою арызы түскен, оның ішінде 17 талап қою арызы бойынша оң шешім шығып, 26 іс қысқартылған – оның біреуі бойынша бітімгершілік келісімі жасалса, 25 іс бойынша медиациялық келісім жасалған. 6 іс бойынша талап қоюшының арызымен қараусыз қалдырылған.

Азаматтық кодексінің 17-бабына сәйкес азаматтың өз әрекеттерімен азаматтық құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға, өзі үшін азаматтық міндеттер жасап, оларды орындауға қабілеттілігі (азаматтық әрекет қабілеттілігі) кәмелетке толғанда, яғни он сегіз жасқа толғаннан кейін толық көлемінде пайда болады. Сондықтан Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соттың «Алимент өндіріп алуға байланысты істерді қарау кезінде соттардың заңнаманы қолдануы туралы» нормативтік қаулысының 14-тармағына сәйкес, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесінде күндізгі оқу нысаны бойынша 21 жасқа толғанға дейін білім алып жатқан кәмелетке толған балалардан алимент өндіру туралы талап қою арыздары кәмелетке толған балалардың өздері тарапынан беріледі.

Талап қою арызына мынадай құжаттарды қоса тіркеу қажет:

  • Баланың жеке куәлігі (туу туралы куәлігі);
  • Баланың оқу орнында білім алатыны туралы анықтама;
  • Киім-кешек пен тамақ сатып алуға, ақылы білім нысанында білім алуға, тұрғын үйді жалға алуға және басқа да қажеттіліктерге жұмсалатын шығындардың мөлшерін растайтын құжаттар. (Жоғарғы Соттың «Алимент өндіріп алуға байланысты істерді қарау кезінде соттардың заңнаманы қолдануы туралы» нормативтік қаулысының 14-тармағы)

Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Кодексінің 141-бабы 2-бөлігі бойынша күндізгі оқу нысаны бойынша жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесінде, жоғары білім беру жүйесінде оқитын жиырма бір жасқа дейінгі балаларға күтіп-бағу қаражатын өндіріп алу алимент төлеу туралы келісім болмаған кезде сот тәртібімен тұрақты ақша сомасында жүргізіледі. Осы заңнаманың 3-бөлігі бойынша тұрақты ақша сомасының мөлшерін сот тараптардың материалдық және отбасылық жағдайлары мен басқа да назар аударарлық мән-жайларды ескере отырып, баланың бұрынғы қамтамасыз етілу деңгейін мүмкіндігінше сақтайтын көлемдегі айлық есептік көрсеткіш мөлшерін негізге алып айқындайды.

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соттың «Алимент өндіріп алуға байланысты істерді қарау кезінде соттардың заңнаманы қолдануы туралы» нормативтік қаулысының 14-тармағында алимент мөлшерін айқындау кезінде киім-кешек пен тамақ сатып алуға қажетті шығыстарды, ақылы оқу нысанындағы оқу ақысын, тұрғын үйді жалдау шығыстарын және де басқа шығындарды ескеру қажеттігі түсіндірілген. Әрбір жағдайда сот осы шығыстардың қажеттілігіне сүйене отырып шешім қабылдауға тиіс.

Осылайша, заңнамада кәмелетке толған, білім алып жатқан балаларға өндіріп алынатын алименттің нақты мөлшері белгіленбеген. Алимент мөлшері жоғарыда көрсетілген өлшемшарттарды ескере отырып, әрбір нақты жағдайда сотпен жеке тәртіппен айқындалады.

Алимент төлеу – бұл жай ғана заңдық талап емес, бұл әрбір ата-ананың өз баласының алдындағы адамгершілік және перзенттік парызы.

Қорытындылай келе, баланың толыққанды дамуы, сапалы білім алуы және салауатты өмір сүруі, жарқын болашағы үшін материалдық қолдаудың маңызы зор.

                                    Орал қаласының №2 соты әкімшісінің бас маманы-сот отрысының хатшысы Кабиева Райхан

Таяу Шығыс: Сирияда миллиондаған адам үйлеріне оралды

Сирияда ұзақ жылдарға созылған қақтығыстардан кейін ел тұрғындарының бір...

АҚШ, Қытай және Ресей басшылары маңызды кездесу өткізуге дайындалуда

2026 жылғы 17 қарашадағы маңызды халықаралық жаңалықтардың бірі —...

Сот-заңнамалық реформалар тәуелсіздікті арттырады

Сот төрелігін, сондай-ақ, заңдарды жетілдіру заман талабы. Өйткені, бұлар...

Кәсіби этика сыбайлас жемқорлыққа жол бермейді

Ел Конституциясы адамға бағдарланған мемлекет қағидатына негізделген, сондықтан, мемлекеттік...

Впервые разработан законопроект с помощью ИИ-платформы AI-Quryltai

Проект нового закона «О цифровой и информационной безопасности детей»...