Түркітілдес журналистер қоры мен Қазақстан әйел журналистер клубы БАҚ өкілдеріне арналған тегін медициналық тексеру ұйымдастырады. Басты мақсат — журналистердің денсаулығына көңіл бөлу, диагноздарын алдын ала анықтау және пмделу, дерттің асқынуына жол бермеу.
Соңғы жылдары қатерлі ісікке шалдыққандар саны бүкіл әлем бойынша күрт артқан. Оның түрлі себебі бар. Қазақстанда жатыр мойны обыры мен сүт бездері қатерлі ісігі, тоқішек рагы көбейген. Алғашқы екі дерт әйелдер арасында кеңінен тараса, соңғысы барлық адамдарға тән. Ауру асқынбас үшін жыл сайын дәрігерлерге тексеріліп тұру керек. Мемлекет тарапынан ай сайын тегін скринигтер ұйымдастырылады. Өкініштісі сол, халық емхана, ауруханаларға тегін тексерілуге бармайды, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарамайды.
Түркітілдес журналистер қоры мен Қазақстан әйел журналистер клубы 2014 жылдан бері журналистерге тегін чек-апты жылына бірнеше рет ұйымдастырады. Жарты күнде бірнеше дәрігерге көрініп, емделеді. Келесі чек-ап барысында журналистер мына мамандардан тегін дәрігерлік кеңес алады:
🔹 онко-хирург (мең-қалдар)
🔹 уролог
🔹 маммолог
🔹 гинеколог
🔹 торакальды хирург (өкпе аурулары)
Сондай-ақ қалқанша безі (щитовидка), ішкі құрылыс (өт жолдары, асқазан, бауыр, бүйрек тб) УДЗ және ФГДС тексерулері тегін жүргізіледі.
❗️Орын шектеулі
📅 Күні: 31 қазан 2026 жыл
🕘 Уақыты: 09:00–13:00
📍 Өтетін орны: Алматы қаласы
📞 Толық ақпарат: +7 778 878 34 08
🌐 Сайт: www.ttjk.info
#медиа #түркітілдесжурналистерқоры #қазақстанәйелжурналистерклубы #фондтюркоязычныхжурналистов #БАҚӨкілдері #Денсаулық #Алматы


