Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент әкімшілігінде ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің басшысын ауыстырды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Ақорданың мәліметінше, мемлекет басшысының өкімімен Ержан Нұраханұлы Сейітқұлов Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды.
Мемлекет басшысының өкімімен Нұрболат Азаматұлы Мағзұмов Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды, – делінген Ақорданың хабарламасында.


