Мемлекеттік тіл – қоғамның рухани тірегі және кәсіби мәдениеттің көрсеткіші

Мемлекеттік тіл – ұлттың болмысын айқындайтын, тарихи жады мен рухани құндылықтарын сақтайтын маңызды қазына. Қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе беру – оның қоғам өміріндегі орны мен маңызын айқындаса, оны күнделікті өмірде және кәсіби қызметте кеңінен қолдану – әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі.

Қазіргі таңда мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту тек іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізумен шектелмейді. Ең бастысы – тілді сапалы қолдану, ойды сауатты жеткізу және оны кәсіби қарым-қатынастың табиғи құралына айналдыру. Әсіресе сот жүйесінде мемлекеттік тілдің маңызы зор.

Құқықтық құжаттардың сауатты әрі түсінікті әзірленуі, азаматтарға ақпараттың нақты жеткізілуі құқықтық мәдениетті арттырып, мемлекеттік органдарға деген сенімді нығайтуға ықпал етеді.

Мемлекеттік тілге құрмет – ұранмен емес, нақты іспен өлшенеді. Сауатты жазылған әрбір құжат, мазмұнды баяндама және азаматқа түсінікті берілген жауап тіл мәдениетін қалыптастыруға қосылған үлес болып табылады. Сондықтан мемлекеттік тілді дамытуға бағытталған жұмыс күнделікті қызметтің ажырамас бөлігіне айналуы тиіс.

Ақтөбе қаласының әкімшілік құқық

бұзушылықтар жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық

сотының бас маман –

сот отырысының хатшысы                                         С.Айжарық

Ыбырай Алтынсарин – білім мен ізгіліктің шамшырағы

2026 жылы қазақтың көрнекті ағартушысы, ұлы педагог, жазушы Ыбырай...

Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы: тіл тағдыры – ұлт тағдыры

Қазақ халқының рухани тарихында өшпес із қалдырған ұлы тұлғалардың...

Абай мұрасы – ұлттың рухани темірқазығы

Қазақ халқының рухани әлемінде ерекше орын алатын ұлы тұлғалардың...

Айдар Құрмашев: Қазақстанның халықаралық аренадағы позициясы берік экономикалық негізге ие болды

Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттігіне 7 жыл толған кезеңде Қазақстанның халықаралық...

В области Жетісу системно ведется работа в сфере донорства и трансплантации органов

В области Жетісу продолжается работа по развитию донорства и...