ҰЛТТЫҢ ҰЛЫ ҰСТАЗЫ – ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН

Ұлы ағартушының туғанына 185 жыл

Қазақ халқының тарихында елдің рухани дамуына жол ашып, ұрпақ санасына білімнің дәнін сепкен, халықтың болашағын ағартушылықпен байланыстырған ұлы тұлғалар аз емес. Солардың ішінде есімі ерекше құрметпен аталатын көрнекті ағартушы, педагог, жазушы, этнограф әрі қоғам қайраткері – Ыбырай Алтынсариннің орны айрықша. Оның бүкіл саналы ғұмыры қазақ даласында білім беру ісін дамытуға, жас ұрпақтың сауатын ашуға және халықтың мәдени өркендеуіне арналды.                                                        2026 жылы қазақтың ұлы ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің туғанына 185 жыл толып отыр. Бұл мерейтой – тарихи тұлғаның өмір жолын еске алып қана қоймай, оның бай мұрасын қайта зерделеуге, ұлт болашағы үшін атқарған еңбегін бағалауға және өсиет еткен құндылықтарын бүгінгі ұрпақтың санасына сіңіруге мүмкіндік беретін маңызды кезең. Өйткені Ыбырай Алтынсарин көтерген білім, тәрбие, еңбек, адамгершілік мәселелері уақыт өткен сайын маңызын жоғалтпай, керісінше, жаңа мазмұнмен толығып келеді.                                                                             

Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы 20 қазанда ескі күнтізбе бойынша, қазіргі қолданыстағы күнтізбемен 1 қарашада, қазіргі Қостанай облысының аумағында дүниеге келген. Ол жастайынан әкесінен айырылып, атасы Балғожа бидің тәрбиесінде өседі. Атасы елге сыйлы, сөзге шешен, парасатты адам болған. Жас Ыбырайдың бойындағы зеректік пен білімге деген құштарлықтың қалыптасуына отбасындағы тәрбие мен атасының ықпалы зор болды.                                                                                                                 1850 жылы Ыбырай Орынбор шекара комиссиясы жанынан ашылған қазақ балаларына арналған мектепке қабылданады. Ол мектепте білімге ерекше ынта танытып, орыс тілін меңгеруге және түрлі әдеби шығармаларды оқуға қызығушылық білдіреді. 1857 жылы оқуын аяқтағаннан кейін аудармашылық және әкімшілік қызметтер атқарады. Алайда оның жүрегіндегі басты арман – туған халқының сауатын ашу, балаларға білім беру және қазақ даласында жаңа үлгідегі мектептерді қалыптастыру еді.                Сол кезеңдегі қазақ қоғамының тұрмыс-тіршілігін ескерсек, бұл мақсатты жүзеге асыру оңай болған жоқ. Халықтың басым бөлігі көшпелі өмір салтын ұстанды, ал тұрақты мектептер мен оқу құралдары жеткіліксіз болды. Балалардың жүйелі білім алуына қажетті жағдай жасау, ата-аналарды оқудың пайдасына сендіру және мұғалімдер даярлау үлкен күш-жігерді талап етті.                                                                                                                         Осындай күрделі кезеңде Ыбырай Алтынсарин білім беру ісін өмірлік мұратына айналдырды. Ол ағартушылықты жеке адамның жетістігі ретінде емес, тұтас халықтың алға басуына ықпал ететін негізгі күш ретінде қарастырды.

​         Ыбырай Алтынсариннің қазақ тарихындағы ең үлкен еңбектерінің бірі – зайырлы білім беретін мектептер ашу жолындағы қызметі. Халықтың дамуы үшін балалардың сауатты болуы қажет екенін жақсы түсініп, оқыту әдістерін жетілдіруге, мұғалім даярлауға және оқу құралдарын жасауға күш салды. Қыз балалардың білім алуына үлкен мән бергенін айтпасақ болмас. Ыбырай осы қызмет жолында көптеген қиындықты бастан кешірсе де сынбады. Өз мақсатына адал болып, халықтың ертеңін ойлады. Келешек ұрпақтың болашағын бүгінгі ұрпақтың қандай білім алғанына байланысты екенін түсінді. 

1884 жылғы 14 қыркүйекте Н.И.Ильминскийге жазған хатында: «Ал енді құдай басыма не салса да мен күшімнің жеткенінше туған еліме пайдалы адам болайын деген негізгі ойымнан, талабымнан еш уақытта да қайтпаймын. Құдайым тек адам баласының жауыздық қылықтарына қарсы тұруға, нахақ жала-жапсардың күйігінен арманда кетпеуге дем берсін», — деп Алла тағаладан медет сұрайды. Бұл сөз әрі оның елі үшін басын бәйгеге тіккендігінің дәлелі. «Менің оқу жұмыстарым, Құдайға шүкір, жаман жүріп жатқан жоқ», деп Аллаға рахметін айтады.

     Ыбырай Алтынсариннің 1880 жылы 7 сәуірде «Оренбургский листок» газетінде: «Жуырда мен «Оренбург листокiне» Торғай қазақтарының басына түскен ауыртпалықтар туралы мақала жазып жiбердiм, әрi онда өзiмнiң қазақ даласына орыстарды қоныстандыру жөнiндегi ұсыныстарға қарсы пiкiрiмдi бiлдiрдiм. Менiң ойымша, бұл ұсыныс ақымақтықтың шыңы. Iстi бұлай өрескел жүргiзетiн болса, қазақ секiлдi болашағынан үмiт күттiретiн тамаша халықтың тағдыры құрдымға кетедi…», -деп жазды.                                     ​

Көпшілігіміз Алтынсарин десе, тек балаларды оқытып, әліппе жазған ұстазды ғана елестетеміз. Ал бұл жерде біз патша үкіметінің отарлау саясатына қарсы ашық үн көтерген, халықтың тағдыры үшін жаны ауырған нағыз батыл Ыбырайды көреміз. Ол кезде орыс шенеуніктерінің көзінше қазақтың шұрайлы жерлерін тартып алып, жергілікті халықты тықсыру — империяның қатал және қазақ халқын құрту саясаты еді. Ыбырайдың бұл әділетсіздікке шыдап отырмай, өз атымен либералды басылымға мақала жазуы– үлкен ерлік. Өйткені бұл оның басына қатер төндіріп, кейіннен әкімшілік іс қозғалуына да себеп болды.

  ​           ​Ыбырай Алтынсарин — қазақ халқының тарихында ерекше орын алатын көрнекті ағартушы әрі қоғам қайраткері екені бала кезімізден белгілі. Ол күрделі тарихи кезеңде өмір сүрсе де, ұлттық мүдде мен халықтың рухани құндылықтарын сақтауға ұмтылды. Қазіргі заманның адамдары бұндай ерлік көрсете алмайтыны өте өкінішті жағдай. Оның өмір жолы сол дәуірдегі отарлық саясат пен қазақ қоғамының мүдделері арасындағы қайшылықтарды айқын көрсетеді. Ыбырайдың қайсарлығы кейінгі ұрпақ үшін тарихи маңызын жоғалтпайды. Оның есімі қазақ халқының ұлттық тарихында ел тағдырына бейжай қарамаған тұлға ретінде мәңгі сақталады.               Ыбырай Алтынсарыұлы қазақ жастарын оқуға үндеумен қатар, адамгершілікке, достыққа, еңбекке, жігерлілікке, халқын сүюге, қысқасын айтқанда, «адам» деген ардақты есімді ақтай алатын кісі болып шығуға үндеді. Ол жастарға бала кезінен бастап дұрыс тəрбие бергенде ғана бұл міндеттерді іске асыруға болатындығын жақсы ұғынды. Сондықтан Ыбырай өзінің оқытушылық, ақындық, жазушылық, аудармашылық жұмыстарын осы мақсатқа бағындырды.

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотынының судьясы С.Қ.Табанов

Цифрландыру жағдайындағы сот архиві

Қазіргі қоғам дамуының негізгі үрдістерінің бірі – қарқынды дамып келе жатқан цифрландыру үдерісі. Осыған байланысты соттарда электрондық сот ісін жүргізу енгізіліп, құжаттарды сақтау, есепке алу және пайдалану үдерістерін жетілдіру мақсатында электрондық архив...

Государственная служба: новые правила, новые возможности

Новый Закон Республики Казахстан «О государственной службе» вступил в...

Призвание – спасать: кинолог Алмас Жандаулетов

 Кинологическим подразделением оперативно-спасательного отряда ДЧС Туркестанской области руководит Алмас...

Туған тілім – тұғырым

          Тіл – адамзат қауымының өркениетке жеткізген ең ұлы...

АЗАМАТТАРДЫҢ ТӨЛЕМ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ: СОТ ТӘЖІРИБЕСІНДЕГІ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР

Қазіргі таңда азаматтардың банктер, микроқаржы ұйымдары және өзге де...