ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ 

Қазіргі қоғамда жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу – маңызды әлеуметтік әрі құқықтық мәселелердің бірі. 

Жасөспірімдік кезең адамның мінез-құлқы мен дүниетанымы қалыптасатын ерекше уақыт болғандықтан, осы кезеңдегі жағымсыз орта мен дұрыс ұйымдастырылмаған қарым-қатынас баланың болашақ өміріне кері әсер етуі мүмкін. Зорлық-зомбылық тек дене жарақатын келтірумен шектелмейді. Оған қорқыту, кемсіту, психологиялық қысым көрсету, буллинг, кибербуллинг және өзге де әрекеттер жатады. Сондықтан оның алдын алу тек құқық қорғау органдарының ғана емес, ата-ананың, мектептің, психологтардың және жалпы қоғамның ортақ міндеті болуы тиіс. Зорлық-зомбылықтың алдын алуда ең маңызды бағыттардың бірі – оны ерте анықтау. Жасөспірімнің мінез-құлқындағы күрт өзгеріс, тұйықталу, сабаққа қызығушылықтың төмендеуі, достарымен араласудан бас тартуы немесе қорқыныш белгілерінің пайда болуы оның қандай да бір қиындыққа тап болғанын білдіруі мүмкін. Мұндай жағдайда баланы жазалауға немесе кінәлауға емес, алдымен оның мәселесін тыңдап, қажетті көмек көрсетуге көңіл бөлген жөн. Мектептегі профилактикалық жұмыстың да маңызы зор. Оқушыларға олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру, жанжалдарды бейбіт жолмен шешу мәдениетін қалыптастыру, буллингтің зиянын түсіндіру бойынша тұрақты кездесулер өткізу қажет. Педагог пен психолог баланың мәселесін уақытында байқап, қажет болған жағдайда ата-анамен және басқа да мамандармен бірлесіп жұмыс жүргізуі керек. Қолданыстағы заңнамада зорлық-зомбылыққа, қатыгез қарым-қатынасқа немесе буллингке ұшыраған балаларды анықтау және оларға көмек көрсету тетіктері көзделген. Бұл жұмыста білім беру ұйымдары, ішкі істер органдары, денсаулық сақтау ұйымдары, прокуратура, отбасын қолдау және психологиялық қолдау орталықтары сияқты субъектілердің өзара іс-қимылы маңызды. Отбасының рөлі ерекше. Баламен сенімді қарым-қатынас орнатылған отбасында жасөспірім өз мәселесін жасырмай айтуға мүмкіндік алады. Сондықтан ата-ана баланың тек оқу үлгеріміне ғана емес, оның эмоционалдық жағдайына, достық ортасына және интернеттегі қауіпсіздігіне де назар аударуы қажет. Сонымен қатар жасөспірімдердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру да профилактиканың бір түрі болып табылады. Спорттық үйірмелерге, шығармашылық және қоғамдық жұмыстарға қатысу баланың өз қабілетін дамытуына және жағымды орта қалыптастыруына мүмкіндік береді. Зорлық-зомбылық жасаған жасөспіріммен жұмыс жүргізу кезінде де тек жазалау тәсіліне сүйену жеткіліксіз. Оның мұндай әрекетке баруына әсер еткен себептерді анықтау қажет. Отбасындағы жағдай, құрдастарының ықпалы, психологиялық қиындықтар немесе жағымсыз орта мінез-құлыққа әсер етуі мүмкін. Сондықтан жеке профилактика шаралары баланың мінез-құлқын түзетуге және оның қайтадан құқық бұзушылық жасауына жол бермеуге бағытталуы тиіс. Қорытындылай келе, жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алудың ең тиімді жолы – мәселені болғаннан кейін ғана шешу емес, оның алғашқы белгілерін дер кезінде анықтау. Бала өзін қауіпсіз сезінетін орта қалыптастыру, оның пікірін тыңдау, құқықтық сауаттылығын арттыру және отбасы мен мектептің тығыз байланысын қамтамасыз ету – профилактиканың негізгі шарттары. Жасөспірімді қорғау – тек оның бүгінгі қауіпсіздігін қамтамасыз ету емес, сонымен бірге қоғамның болашақтағы қауіпсіздігіне жасалған маңызды қадам. Сондықтан әрбір баланың құқығы мен қадір-қасиетін құрметтеу зорлық-зомбылықтың алдын алудың басты қағидаты болуы тиіс. 

Қызылорда қаласының мамандандырылған тергеу сотының бас маманы Б.Ердәулет 

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ НЕГІЗІ

Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Мемлекеттік тілдің қоғам...

Быть услышанными и участвовать в решениях – эксперт о возможностях Қазақстан Халық Кеңесі

В Казахстане 957 этнокультурных объединений участвуют в общественной жизни,...

ҚАЗСТА Президенті Қайрат Закирьянов жеңімпаз студенттерді ұлықтады

Жапонияның Айти префектурасы мен Нагоя қаласында өткен ХХ Азия...

КАЗАСТ ПОЧТИЛА СТУДЕНТОВ — ПРИЗЁРОВ АЗИАТСКИХ ИГР

В Казахской академии спорта и туризма почтили студентов-спортсменов, достойно...

ЖЕДЕЛ ҚЫЗМЕТ ЖҰМЫСЫНЫҢ 9 АЙЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мекемесінде...